Іздестіру формасы

Қызметі туралы

Дін және азаматтық қоғам  саласындағы

Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы есеп ақпарат

 

Халықтың алдында есеп беруші мемлекетті қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдық институттар мен азаматтардың мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына кең қатысуын қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде, 2015 жылғы қарашада «Қоғамдық кеңестер туралы» заңға қол қойылды. Бұл нормативтік құқықтық актінің мақсаты мемлекеттік органдардың жанында қызмет ететін Қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін және өкілеттігін бекіту болып табылады.

Бұдан басқа, қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру мен өткізу Үлгілік талаптары қолданылады.

Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы № 2 бұйрығымен Министрліктің Қоғамдық кеңесі құрылды. Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді, оның ішіне 15 мүше кірді (5 – Министрлік, 10 – азаматтық қоғам өкілдері).

Атап айтқанда, Қоғамдық кеңестің жұмыс істеуі кезінде (9 ай ішінде) 14 отырыс өткізілді. Ең маңыздылардың ішінде - ағымдағы жылғы 27 қаңтарда, 7 сәуірде және 29 тамызда өткен отырыстар.

Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы 2017 жылғы 27 қаңтарда өтті. Оны Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Б. Ермекбаев ашты.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру және кеңестің құрамын бекіту туралы бірқатар мәселелер шешілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша қоғамдық қайраткер, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының профессоры Т.С. Сүлейменов Қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайланды. Сонымен қатар, Кеңес мүшелері қызметтің негізгі бағыттары бойынша үш комиссияның құрамы мен бағытын анықтады.

Нәтижесінде «Қазақстанның дінтанушылар конгресі» ҮЕҰ-ның төрағасы А.П Әбуов Діни мәселелер жөніндегі комиссияның төрағасы болып сайланған.

Азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі комиссияны VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты С.Т. Сейдуманов басқаратын болды.

Сайланған Қоғамдық кеңес комиссиясының төрағасы мен басшылары Президиум құрды. Оның ішіне белгілі қоғам қайраткері, «Аймақ» ӘМҚК-нің басшысы А.С. Соловьева да кірді.

Құрылымды қалыптастыру нәтижесінде Қоғамдық кеңес туралы ереже және 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары мақұлданды және бекітуге енгізілді.

Кеңес мүшелері дауыс беру рәсімдерінен кейін жоспарды жүзеге асыруға бірден кірісті. Атап айтқанда, діни ғимараттардан тыс жерлерде діни салт-жораларды өткізу және еріктілер қызметі туралы министрлік актілері (Министрдің бұйрықтары) қаралды және тиісті ұсыныстар жасалды.

2017 жылғы 7 сәуірде дін, азаматтық қоғам мен жастар саясаты мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Іс-шараға Қоғамдық кеңестің мүшелері, ҮЕҰ өкілдері, діни бірлестіктер, жастар ұйымдары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі басты мәселе Қоғамдық кеңестің алдында Министрлік қызметінің қорытындылары бойынша Министрдің есебін тыңдау болды.

Н. Ермекбаев ведомство жұмысының негізгі басымдықтарын атап өтті: олардың арасында діни бірлестіктермен ынтымақтастықты кеңейту, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекет арасындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту және жастарды әлеуметтік-экономикалық процестерге белсенді тарту үшін жағдай жасау.

Министрліктің негізгі заңнамалық бастамалары белгіленген, атап айтқанда Қазақстан Республикасының 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасының жобасы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелер жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы.

(Анықтама: Тұжырымдама діни салада заңдылықтың сақталуы мәселесіне мемлекеттің назарын күшейтуге үндейді. Сонымен бірге, мемлекет каноникалық және діни мәселелерге араласпайды.

Ұсынылған заң жобасы әзірлеу сатысында. Негізгі нормалардың қатарында - кәмелетке толмағандарды діни қызметке тарту және дін саласындағы заңдарды бұзу, діни әдебиеттерді тарату мен діни зерттеулерді жүргізу тәжірибесін жақсартуға жауапкершілікті күшейтеді).

Қоғамның толық және объективті пікірін алу үшін ұсынылған барлық бастамалар қоғаммен және сарапшылармен талқыланды.

«Жалпы, біздің дін саласындағы жұмысымыз ахуалды жақсарту және елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне берік негіз қалауға бағытталған», - деп Министр атап өтті.

(Анықтама: Азаматтардың діни хабардарлығын және сауаттылығын арттыру бойынша жұмыс жалғасуда. Эксперттік қауымдастықтың сарапшылары Министрлікке үлкен қолдау көрсетіп келеді. Бүкіл ел бойынша 306 арнайы теологиялық және ақпараттық топ жұмыс істейді, оның құрамында 3500-ден астам адам бар. Олардың арасында діни ғалымдар, теологтар, белсенділер және ҮЕҰ, діни бірлестіктердің сарапшылары).

Өз баяндамасында Н. Ермекбаев азаматтық қоғаммен жұмыс істеу басымдықтарын атап өтті. Азаматтық форум және Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі сияқты мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл үшін осындай диалог алаңдарының маңыздылығын атап өтті.

(Анықтама: 2016 жылғы 25 қарашада өткен VII Азаматтық форум - барлық ҮЕҰ-ның ҮЕҰ өміріндегі ең маңызды оқиға. Іс-шараға барлық өңірлерден 300-ден астам үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Форум Үкіметтің және ҮЕҰ-ның алдағы екі жылдағы бірлескен жұмысының нақты жоспарын жасауға мүмкіндік берді, басым бағыттарының бірі - өңірлерде үкіметтік емес ұйымдардың инфрақұрылымын дамыту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың ашықтығын арттыру.

Министрліктің маңызды жаңа еңгізілімнің бірі - Үйлестіру кеңестің негізінде ҮЕҰ-мен жұмыс жасаудың жаңа форматын құру. Енді Кеңес топтарының кездесулерінде өзекті әлеуметтік мәселелерді бақылау жүргізілуде. Министрлік тоқсан сайын азаматтардың өміріндегі күрделі жағдайдағы ҮЕҰ-нан ақпарат жинайды және тікелей Үкіметке жолдайды. Сонымен бірге, үкіметтік емес ұйымдардың мәселенің мазмұны және оларды шешу жолдары туралы көзқарасы толығымен сақталған. Өз кезегінде, Үкімет осындай проблемаларды шешудің барысына тікелей бақылауды бекітеді).

Үкіметтік емес сектормен бірлесе отырып, Министрлік азаматтық қоғам саласындағы заңнаманы жетілдіруді жалғастыруда, соның ішінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ерекше орын алады. Заң жобасы 2016 жылы әзірленді, оның негізгі ережелері жұртшылықтың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруғы және бағалауға қатысуымен байланысты.

«Министрліктің жастар саясаты саласындағы қызметі жастардың мемлекеттің және қоғамның дамуына белсенді араласуға бағытталған», - деді Н. Ермекбаев өз сөзінде. Мекеме басшысы жастарды қолдаудың маңызды жобасы - жастардың ғылыми және шығармашылық талпыныстарын ынталандыратын «Дарын» мемлекеттік сыйлығын атап өтті.

(Анықтама: Сондай-ақ министрлік жастар қозғалысының дамуы бойынша жұмыс жасайды. Мысалы, ауқымды патриоттық жұмысты ұйымдастыру мақсатында, еріктілік, шығармашылық және еңбек дағдыларын, кәсіпкерлікті және өзін-өзі танытудың басқа да нысандарын дамытуға бағытталған Жастар қозғалысы тұжырымдамасы әзірленуде.

Сонымен бірге, Президент жанындағы Кеңестің жұмысы жандандырылған. Бүгінгі күні Министрлік оны нығайту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Кеңес құрамына министрліктердің бірінші басшылары қосылды. Кеңестің төрағасы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін айқындау мүмкіндігі талқылануда.

Сондай-ақ, Министрлік облыстарда жастардың бос уақыттын ұйымдастыру және өзін-өзі таныту үшін инфрақұрылымды нығайту мәселесін Үкіметтің қарауына енгізді Нәтижесінде ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері 2017-2020 жылдарға арналған жастардың бос уақытын ұйымдастыру туралы іс-шаралар жоспарларын әзірлеуде).

Н. Ермекбаев алдағы уақытта жастар саясатын жүргізу үшін министрліктің алдына қойылған негізгі міндеттерді атап өтті: жас отбасыларға қолдау көрсету және балаларды тәрбиелеуге назар аудару, жастармен жұмыс істейтін кадрлық аппаратты дамыту және жастарды алға іргерілету және дамыту үшін жаңа «әлеуметтік көтергіштерді» құру.

Өз кезегінде Қоғамдық кеңестің төрағасы Т.Сүлейменов өткен кезеңдегі Министрліктің қызметін бағалау туралы баяндама жасады.

Кеңестің қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің мүшелері Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жұмысын қанағаттанарлық деп қабылдады және қарарды қабылдады. Министрлік қызметінің бағыттары бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.

 

  • 2017 жылғы 29 тамызда Министрлікте Дін және азаматтық қоғам саласындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Іс-шараға Қоғамдық кеңестің мүшелері, ҮЕҰ, діни бірлестіктер, жастар ұйымдарының өкілдері және т.б. қатысты.

Алғашқыда «Кейбір заңнамалық актілерге діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Осы мәселе бойынша Қоғамдық кеңестің мүшелері алдында Дін істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Е.Ә. Оңғарбаев сөз сөйледі.

Заң жобасының қосымшылары діни бірлестіктер қызметінің ашықтығын арттыруға, дінге деген көзқарасына қарамастан барлық азаматтардың құқықтарын қорғауға, діни талаптарға сәйкес зайырлы принциптердің сөзсіз басымдықтарын айқындауға бағытталған.

Белгілі болғандай, ағымдағы жылғы наурыз айынан бастап «ҮЕҰ дерекқоры» интернет-порталы іске қосылды. Осыған байланысты Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Ғ.А. Ғалымова осы жобаның мақсаттары, міндеттері мен жағдайы туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Талқылаудың қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің мүшелері өз пікірін ортаға салды және пікір алмасты. Дін саласындағы жұмыстарды жетілдіру, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл және жастар саясатын жүзеге асыру туралы ұсыныстар тындалды.

 

  • Есепті кезеңде Қоғамдық кеңестің қарауына 16 жоба ұсынылды, олардың барлығына тиісті ұсыныстар берілді.

Қоғамдық кеңестің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат пен мәліметтер министрліктің интернет-ресурсында жарияланады.

Қоғамдық кеңестің қызметі, жоспарланған және өткізілген отырыстар, Қоғамдық кеңестің өзекті мәселелері туралы ақпарат БАҚ-та мерзімді жарияланады.

Қоғамдық кеңестің төрағасы мен мүшелері республикалық іс-шараларға, оның ішінде Қоғамдық кеңестің ең өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстелдерге, семинарларға белсене қатысады.

There is currently no content classified with this term.