Іздестіру формасы

Жастар ұйымдарының басшылары марапатталды

29.12.2017
Жастар ұйымдарының басшылары марапатталды

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда жоғары нәтижелерге қол жеткізген мемлекеттік органдардың және республикалық жастар ұйымдарының басшыларын марапаттау салтанаты өтті.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың атынан Алғыс хаттармен Астана қаласының жастар саясаты басқармасының басшысы Асхат Оралов,  Маңғыстау облысы жастар саясаты басқармасының басшысы Аманғали Нұрдаулетов, Қостанай облысы жастар саясаты басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов, сондай-ақ  «Қазақстанның жастар Конгресі» ЗТБ атқарушы директоры Айдын Сабитов, Қазақстан студенттер Альянсының жетекшісі Ілияс Түстікбаев, «Жасыл Ел» Республикалық Штабының басшысы Тоқтар Болысов, «Болашақ» Қауымдастығының атқарушы директоры Азамат Божақов, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев марапатталды.  

Ағымдағы жылы бірқатар ауқымды имидждік іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, еліміздің әр өңірінде «Рухани жаңғыру» республикалық акциясы, «Елім деп соғар жүрегім» деген атаумен республикалық жастар флеш-мобы  және т.б. шаралар ұйымдастырылды. 

Бұдан басқа, Президент Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру, Мемлекет басшысының билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу туралы ұсынысын  және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласын талқылауға бағытталған 100-ден астам іс-шаралар өткізілді.

Жалпы 2017 жылы республикалық жастар ұйымдары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру аясында 14 жобаны жүзеге асырды.