Іздестіру формасы

Жастар Мемлекет басшының бастамаларына қолдау танытады

Дата размещения: 06.03.2018 - 11:56
Дата последнего обновления: 13.03.2018 - 11:57
Жастар Мемлекет басшының бастамаларына қолдау танытады

2018 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бастамасымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының базасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін талқылау мақсатында «Zhas Talks» шарасы  ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін кеңінен насихаттау және жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту, жастар кәсіпкерлігі саласындағы бәсекелестікті, сонымен қатар, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру барысында туындаған әр түрлі мәселелерді талқылау және түсіндіру болып табылады.

Аталған шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депуаты Бақтияр Мәкен, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры Асхат Оралов, Астана қаласы Мәслихатының депутаттары, республикалық жастар ұйымдарының, Қазақстан халқы ассамблеясы жастар қанатының жетекшілері және жас кәсіпкерлер қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен Елбасының бес әлеуметтік бастамасының төртінші бастамасы «Шағын несие беруді көбейту» бағытында сөз сөйлеп, 2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөлініп, шағын несиенің жалпы сомасы 62 миллиардқа жетуі жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға жаңа серпін беретінін айтты.

Бұдан бөлек, Жастар саясаты департаментінің директоры Асхат Оралов Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамалары жастардың әлеуметтенуіне және жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы мүмкіндіктер беретінін атап өтті.  

Сонымен қатар, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы жастардың кәсіпкерлік-инкубаторының жетекшісі А. Есентеміров жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту жолдары туралы баяндады.

Іс-шара қорытындысы бойынша Елбасының әлеуметтік бастамалары жастар тарапынан қолдау тауып, қатысушылардың ұсыныстары жинақталып жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бірқатар жұмыстардың жаңа бағыты айқындалды.