Іздестіру формасы

Сарапшылар еліміздегі медиацияны дамыту мәселелерін талқылады

Дата размещения: 16.06.2018 - 15:20
Дата последнего обновления: 16.06.2018 - 23:03

Азаматтық қоғам институттарын медиацияны дамыту үрдісіне тарту «Қоғамда шиеленістерді төмендетудің қолданыстағы тәсілдері ретінде медиацияның және өзге де татуласу үрдістерінің дамуы» семинар-кеңесінің негізгі тақырыбы болды.

Кеңес ұйымдастырушылары Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі болып табылады.

Кеңес жұмысына Жоғарғы Сот, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, кәсіподақ ұйымдары және Астана, Алматы қалалары мен облыс әкімдіктерінің өкілдері қатысты.

Басты спикерлер ретінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова, Жоғарғы Сот Төрағасының кеңесшісі Сүлеймен Сағатбек, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов, Жоғарғы Сот «Татуласу: сотқа дейін және сотта» жобасының әкімшісі Гүлнұр Боранбаева, сондай-ақ, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Марат Тоғжанов, ҚР Еңбек конфедерациясы Бас хатшысының орынбасары Бақыт Қаппаров, «Аманат» Қазақстанның кәсіподақтар достастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Андрей Пригорь, медиатор Жанар Үсіпбекова болды.

Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлеймен өз сөзінде дамыған азаматтық қоғамда татуласу институты кеңінен қоланылып, болар-болмас даулы мәселелер соттың қатысуынсыз шешілу керектігін атап өтті. Спикердің айтуы бойынша, даулардың көбі әлеуметтік сипатта және қоғамдағы шиеленістің деңгейін жоғарылатады. Ең көп таралған даулар – мүлікке қатысты, отбасы даулары. Олардың нәтижесінде отбасылар бұзылып, балалар толыққанды тәрбиесіз, ата-анасыз қалады. Спикер кеңеске қатысушыларды өздерінің жұмысында медиация технологияларын қолдануға, тұрғындарды дауларды шешуде жуық арада құрылатын Татуласу орталықтарына бағыттауға шақырды.

Жоғарғы соттың «Татуласу: сотқа дейін және сотта» бағдарламасы әкімшісі Гүлнәр Боранбаеваның айтуы бойынша орталықтардың жұмысы қоғамдағы шиеленістердің азаюын, даулардың бейбіт және жедел шешілуін, сонымен қоса азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырады деп күтілуде. Татуласу орталықтары кеңестік қызметтер, соның ішінде дауды анықтау категориялары мәселелері, медиаторды таңдау, татуласу үрдістері, келісім жасау және т.б. қызметтерін көрсетеді. Консультациялық кеңестерді медиаторлар, адвокаттар, нотариустер, сот орындаушылары, кәсіподақтардың өкілдері және т.б. атқарады деп жоспарлануда.

Сонымен бірге, кеңес барысында қатысушылар Қазақстанда қоғамдағы шиеленісті төмендетудің қолданыстағы тәсілдерінің бірі ретінде медиацияның дамуының маңыздылығын атап өтті. Спикерлер медиация институты жаңа және кең таралмағандығын, дамымағандығын атап өтті. Бұл азаматтардың медиация мүмкіндігі мен артықшылықтары туралы, сот қарауына дейін шиеленуші тараптар арасында дауды шешудің баламасы екендігінен аз ақпараттанғандығына байланысты. Осылайша, егер екі тарап екіжақты келісімге келер болса, ұзақ мерзімді сот таласы мен үрдісінен құтылу мүмкін.

Кәсіподақтар өкілдерінің айтуы бойынша, медиацияның дамуына қаржы құрамдастары әсер етеді, себебі азаматтар көп жағдайда медиатордың қызметтерін төлегісі келмейді, жәбірленушімен татуласу мүмкіндігін өздігінен шешеді.

Кеңес барысында қатысушылар медацияны дамытудың бірқатар шараларын – заңнама базасын жетілдіру, үйлестіру орталығын құру, сонымен қоса азаматтық қоғам институттарын тартумен, кең ауқымды ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыруды ұсынды.

Сонымен қоса, медиацияны және өзге де татуласу үрдістерін қолдану арқылы қоғамдағы шиеленісті азайту үшін Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Жоғарғы от және Астана әкімдігімен серіктестік туралы меморандумға ұол ұою жоспарлануда.