Іздестіру формасы

Нұрлан Ермекбаев әйелдер қауымын 8 Наурыз мерекесімен құттықтады

Дата размещения: 07.03.2018 - 16:52
Дата последнего обновления: 07.03.2018 - 16:52
Нұрлан Ермекбаев әйелдер қауымын 8 Наурыз мерекесімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев әйелдер қауымын алдағы 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде мемлекеттік органның басшылығы мен қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты жиын өтті. 

Нұрлан Ермекбаев әйелдер қауымына бақыт, зор денсаулық және еңбектеріне табыс тіледі. 

Сондай-ақ министр Президенттің бес әлеуметтік бастамасының мазмұнына тоқталып, мемлекеттік қызметтегі әйелдердің рөлін атап өтті.

«Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің жартысынан көбін әйелдер қауымы құрайды. Бұл деген мемлекеттің өркендеуіне нәзік жандылардың үлесі зор екендігін айқындайды. Біздің де Министрліктің тең жартысы – әйел азаматтар. Оның 30-ға жуығы басшылық қызметте, олар: комитет төрайымы, департамент директорлары, басқарма басшылары, Министрліктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының жетекшілері»- деп атап өтті  Нұрлан Ермекбаев.

Іс-шара барысында Министрлік ұжымының бірқатар арулары  Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаевтың грамотасымен марапатталды.