Іздестіру формасы

Нұрлан Ермекбаев сарапшылар қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

05.10.2017
 Нұрлан Ермекбаев сарапшылар қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

5 қазан күні Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша сарапшылар қоғамдастығының өкілдерімен кездесті.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің басым бағыттарының бірі- азаматтық сектормен өзара әріптестік орнату болып табылады.

Кездесу барысында Нұрлан Ермекбаев аталған жұмыстың басты мақсаты– қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту және өзекті мәселелерді бірлесіп шешу екендігін айтты.

Мемлекет мен ҮЕҰ-дың өзара іс-қимылын қалыптастыру мақсатында әртүрлі сұхбат алаңдары және оның ішінде ауқымды болып саналатын Азаматтық форум және ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылды үйлестіру жөніндегі кеңесінің отырыстары өткізіледі.

Сарапшылармен кездесу барысында олардың бірқатар маңызды ұсыныстары тыңдалып, ескерілетін болды. Қазіргі уақытта Министрліктің бастамасымен азаматтық сектор өкілдері халықты алаңдататын мәселелерге мониторинг жүргізуде. Аталған жұмыстың қорытындысы бойынша барлық жиналған деректер Үкіметке жіберіледі және олар бойынша тиісті тапсырмалар берілетін болады.  Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі осы тапсырмалардың  орындалуына мониторинг  және талдау жұмыстарын жүргізеді.  Сондай-ақ  Үкіметке жарты жылда бір рет есеп береді . 

Шара соңында Нұрлан Ермекбаев сарапшылар қоғамдастығының өкілдерін а.ж. 13 қарашасында Астана қаласында өтетін  Қоғамдық Кеңестердің бірінші республикалық Мәжілісіне қатысуға шақырды.

Аталған кездесуге сондай-ақ, саясаттанушы Расұл Жұмалы, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғали, «Мемлекеттік тілді дамыту» қоғамдық қорының басшысы Азат Шәуеев, «Қаһарман ұрпақ» қоғамдық қорының басшысы Қайрат Елубаев, «Ұлттық интернет ассоциациясы» төрағасы Серікқазы Қақыбаланов, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан қатысты.