Іздестіру формасы

Мемлекет басшысы коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы Заңға қол қойды

Дата размещения: 13.06.2018 - 17:39
Дата последнего обновления: 18.06.2018 - 14:03

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Заң жобасы әлеуметтік тапсырыс, гранттар және сыйлықақылар беру тетігін жетілдіруге бағытталған.

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының мәтіні баспасөзде жарияланады.