Іздестіру формасы

ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Қазақстанның Бас раввинімен кездесті

Дата размещения: 04.07.2018 - 18:09
Дата последнего обновления: 12.07.2018 - 12:22
Участники встречи / кездесу қатысушылары

Бүгін ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Қазақстанның Бас раввині  Ешая Элазар Когенмен кездесті. 

Кездесу барысында мемлекеттік-конфессияаралық қатынастардың өзекті мәселелері және діни бірлестіктердің қызметі талқыланды.

Дархан Кәлетаев Қазақстандағы еврей қауымдастығы еліміздің басқа да конфессияларымен бірге бейбітшілік пен келісімді, тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға айтарлықтай өз үлестерін қосып келе жатқанын атап өтті.

Министр діннің дәстүрлі идеялары негізінде рухани құндылықтарды сақтауға және дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу бойынша тиісті ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдегі конфессияаралық келісім қағидаларын сақтау және бекіту бойынша одан әрі ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдірді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта елімізде Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент, Өскемен және Қарағанды қалаларында еврей қауымдастығының 7 жергілікті діни бірлестіктері жұмыс істейді. Сондай-ақ, олардың республика бойынша 5 діни ғимараты бар.