Іздестіру формасы

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтың Пасха мерекесімен құттықтауы

Дата размещения: 08.04.2018 - 12:43
Дата последнего обновления: 08.04.2018 - 12:47
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтың  Пасха мерекесімен құттықтауы

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді айтулы Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Пасха – жаңару мен мейірімділіктің символы болып табылатын христиан әлемінің басты және құрметті мерекелерінің бірі. Сондай-ақ, бұл мейрам жақсылық пен әділеттілік салтанатының көрінісі болып саналады. 

Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында бүгінгі таңда Қазақстанда бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрып, діни сенім бостандығына кепілдік берілген. Қазақстанда өмір сүріп жатқан  түрлі этнос өкілдерінің дәстүрлерін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалуда. 

Осы мереке баршаңызға бақыт, қуаныш, өзара құрмет пен түсіністік әкелсін!

Барша қазақстандықтарға отбасыларыңызға амандық, бейбітшілік пен келісім тілеймін!