Іздестіру формасы

Қоғамдық кеңестердің қызметі ҚР Үкіметінің отырысында талқыланды

28.11.2017
Қоғамдық кеңестердің қызметі ҚР Үкіметінің отырысында талқыланды

Сегодня в Үкімет үйі под председательством Премьер-Министра страны Бакытжана Сагинтаева состоялось заседание Правительства РК в селекторном режиме.

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде  «Қазақстан Республикасының қоғамдық кеңестерінің қызметі туралы: мемлекеттің және азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының жаңа мүмкіндіктері туралы» тақырыбы аясында мәселелер  қаралды.

Үкімет отырысы барысында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев баяндама жасады. Ол Ұлт жоспарының  99-шы қадамын іске асыруда қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту бойынша атқарылып жатқан  жұмыстар туралы - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында бес институционалдық реформаның жүзеге асырылу барысы туралы хабардар етті.

Министрдің айтуынша, қоғамдық кеңестердің көмегімен  тұрғындарды алаңдататын  мәселелер бойынша қоғамдық мониторинг жүйесі, сондай-ақ азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау механизмі енгізілген. 

«Кеңес мүшелері 9 мыңнан астам нормативтік құқықтық актілердің жобасын қарастырып, құжаттардың оннан біріне түсініктеме берді. Барлық деңгейдегі мемлекеттік орган басшыларының жұмыс нәтижесі бойынша есеп беру тәжірибесі қалыптасты. Кеңестердің қызмет еткен уақыты аралығында барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың 1300-ге жуық басшылары қоғамдық кеңестердің алдында есеп берді.Тұрғындардың 600-ден астам өзекті мәселелері қоғамдық тыңдауларға шығарылды», -деді министр Нұрлан Ермекбаев.

Ең маңызды оқиғалардың бірі- ағымдағы жылдың 13 қарашасында ұйымдастырылған қоғамдық кеңестердің Бірінші Республикалық Мәжілісінің өтуі болды.

 «Жалпы алғанда, қоғамдық кеңестердің мәжілісі  еліміздің әр өңірінен келген  делегаттар тарапынан қолдау тапты.  Олар  осындай форматтағы әркім өз пікірін ортаға салатын алаңдардың жүйелік негізде жұмыс істеуіне ұсыныстарын білдірді. Бұл қоғамдық кеңестердің қызметі жұртшылық тарапынан сұранысқа ие болғандығын көрсетеді», - деп атап өтті  Н. Ермекбаев.

Сонымен бірге министр қоғамдық кеңестер қызметіндегі проблемалық мәселелерді белгілеп, оларды шешудің бірқатар жүйелік шараларын ұсынды.

«Қоғамдық кеңестер жұмысы аясында азаматтық сектор өкілдерін сайлау, ротация үрдісі,  сондай-ақ материалдық-техникалық қамтамасыз ету және олардың қызметінің кейбір аспектілерін қаржыландыру тәртібі сияқты мәселелерді ескеріп, қолданыстағы заңнамаға өзгертулер енгізу мәселесін шешу қажет», - деп атап өтті Нұрлан Ермекбаев.

Бұдан бөлек, Министр Н. Ермекбаев қоғамдық кеңестер мүшелерінің ұсынысы бойынша мемлекет басшылығына қоғамдық кеңестердің қызметі туралы жыл сайынғы кешенді баяндама жасау туралы мәселені қарастыруды ұсынды.