Іздестіру формасы

Қоғамдық кеңестер туралы заңды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар талқыланды

06.12.2017
Қоғамдық кеңестер туралы заңды жетілдіру жөніндегі  ұсыныстар талқыланды

2017 жылғы 5 желтоқсан күні ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне Қоғамдық кеңестер туралы заңды жетілдіру жөніндегі түскен ұсыныстар қоғамдық кеңестердің басшыларымен, мемлекеттік органдар және сараптамалық қауымдастық өкілдерімен талқыланды.

Ұсынылған өзгерістер сайлау рәсімін, қоғамдық кеңестер құрамындағы ротацияны, сондай-ақ азаматтық сектор өкілеттілігін 80%-ға дейін ұлғайтуды, олардың қызметін материалдық-техникалық камтамасыз етуді қамтиды.

Бүгінгі таңда, қоғамдық кеңестер халықты алаңдататын мәселелер бойынша қоғамдық мониторинг, азаматтардың бостандығы мен міндеттері туралы заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау тетіктерін белсене қолданады.

Сонымен қатар, талқылау барысында, қоғамдық кеңестерге қосымша құқықтар мен өкілеттіліктер беру туралы сұрақтар қарастырылды. Кеңес қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, олардың қызметтері туралы жыл сайынғы жылдық есептері бұқаралық ақпарат құралдарында және тиісті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялау туралы міндеті ұсынылды.

Кездесу қатысушылардың ойынша, көрсетілген және басқа да ұсынылған заңнамалық өзгерістер қабылданған жағдайда, қоғамдық кеңес институтының тиімділігі арта түседі.

Еске алсақ, осы жылдың қараша айында Министрлік Қоғамдық кеңестердің Бірінші республикалық мәжілісін өткізді. Мәжіліс барысында кеңес құрамының сапалылығын жетілдіру, олардың қызметтерінің жеке аспектілерін қаржыландыру мәселелері талқыланды. Мәжілістің қорытындысы бойынша, Қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру туралы тиісті шараларды қабылдау ұсынылды. Сонымен қатар, Мәжілістің ұсыныстары ү.ж. 28 қарашасында ҚР Үкімет отырысында қаралды.

Осыған байланысты, Министрлік Қоғамдық кеңестер туралы заңды жетілдіру жөніндегі мәселелерді одан әрі талқылау мақсатында, мүдделі тараптармен бірлесіп, бірқатар кездесулер өткізуді жоспарлауда.