Іздестіру формасы

Қоғамдық кеңес мүшелері Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын талқыланды

Дата размещения: 19.01.2018 - 18:24
Дата последнего обновления: 19.01.2018 - 18:24
Қоғамдық кеңес мүшелері Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын талқыланды

Бүгін, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің 2018 жылдағы алғашқы отырысы өтті. Іс-шараға Қоғамдық кеңестің мүшелері, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, ҮЕҰ өкілдері, діни бірлестіктер, жастар ұйымдары мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

Кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары және Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жүзеге асыру барысы талқыланды.

Отырысы барысында Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы дипломатия институтының профессоры Төлеутай Сүлейменов баяндама жасап, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының стратегиялық маңызына тоқталды.

«Мемлекет басшысы қазақстандықтардың әл-ауқатының маңызды негізі ретінде әлеуметтік салаға, зейнетақымен қамсыздандыруға және адами капиталды дамытуға ерекше назар аударды», - деді Т. Сүлейменов.

Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының іске асырылу барысы туралы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Өтешов баяндады. Ол Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің  «Әлеуметтік бастамалар картасы» және «Жомарт жүрек» базалық бағыттарын қамтитын «Атамекен» кіші бағдарламасын іске асыру барысына кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес мүшелері Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни заттардың қосылған құн салығынан босатылатыны туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарады.

Талқылау қорытындысы бойынша дін саласы, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл және жастар саясатын іске асыру бойынша жұмыстарды жетілдіру ұсыныстары тыңдалып, Қоғамдық кеңестің мүшелері өз пікірін ортаға салып, пікір алмасты.