Іздестіру формасы

Қазақстанның VІІ Азаматтық форумы ұсынымдарының орындалуы ҚР Үкіметі отырысында қаралды

Дата размещения: 05.06.2018 - 12:40
Дата последнего обновления: 05.06.2018 - 12:55
Қазақстанның VІІ Азаматтық форумы ұсынымдарының орындалуы ҚР Үкіметі отырысында қаралды

2018 жылы 5 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кезекті отырысында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев VII Азаматтық форум ұсынымдарының аясында әзірленген азаматтық сектордың даму негізгі трендтері, сонымен қатар ү.ж. қараша айында өтетін VIІI Азаматтық форумға дайындау барысы туралы баяндады.

Министр азаматтық сектордың саласында нормативті құқықтық базаны жетілдіру аясында негізгі жаңа енгізілімдер жөнінде атап өтті.

Мәселен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасының аясында әзірленген әлеуметтік импакты (әлеуметтік маңызды тиімділік) және қызмет алушының қанағаттанушылық дәрежесін анықтау үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижесін бағалау және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың стандарттарын енгізу туралы. Қазіргі уақытта аталған Заң жобасы Сенаттан оң қорытындысын алып, Мемлекет басшысына қол қоюға ұсынылды.

Сонымен қатар, ұсынымдардың аясында Қаржы министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласында мемлекеттік сатып алу тәртібін жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп, жұмыс істемейтін ҮЕҰ-ды тарату тәртібін жеңілдету бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілді.

Ұсынымдарды іске асыру шеңберінде волонтерлік қызмет бойынша нормативтік база құрылды, ҚР волонтерлік қызметті дамыту бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді, қоғамдық кеңестердің қызметі туралы заңнамалық түзетулер пакеті, оның ішінде Қоғамдық кеңестер жөнінде жаңа үлгілік Ережесінің жобасы әзірленді.

Сонымен қатар, министр үкіметтік емес секторды мемлекет тарапынан қолдау деңгейін арттыру саласындағы соңғы үш жылда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және ҮЕҰ-ды гранттық қаржыландыру көлемдерінің оң динамикасы, сондай-ақ, Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақыны тағайындаудың оң тәжірибесі туралы атап өтті.

Баяндаманың барысында сектораралық өзара іс-қимылдың жүйелі пікір алмасу механизмдерін жетілдіру туралы айтылды. Мәселен, әлеуметтік жобаларға бизнестің қатысуын кеңейту үшін Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бастамасымен ҮЕҰ - бизнес - мемлекет «ASAR» үшжақты ынтымақтастық платформасы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Министрлікпен салалық және өңірлік өзара іс-қимылды қалыптастыру және саланың өзекті мәселелерін шешу үшін ҮЕҰ өкілдерінің министрлермен, әкімдермен кездесу Кестесі әзірленді.

Ұсынымдардың маңызды бөлімдерінің бірі азаматтық сектордың тұрақтылығын арттыру мәселесін қамтиды. Министр өңірлік ресурстық орталықтарды ұйымдастыру бойынша жүргізілетін жұмыс және осы орталықтар қызметінің нәтижелері туралы баяндады. Осындай орталықтар барлық облыс орталықтарында және бес өңірдің 28 ауданында жұмыс жасайды. Осыдан басқа, салалық Министрліктің басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ҮЕҰ-дың қосқан үлесін бағалау мақсатында қазіргі уақытта ҮЕҰ-мен бірлесіп, арнайы әдістеме жобасын әзірлеу және енгізу мәселесі туралы айтты.

Баяндаманың нәтижесінде Д. Кәлетаев ҮЕҰ мен мемлекеттің арасында өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін жүйелі шаралардың іске асыру қажеттілігінің аса зор маңыздылығын атап өтті. Ұсынылған шаралардың аясында – VII Азаматтық форумның ұсынымдарын одан әрі сапалы асыру; ресурстық орталықтардың, оның ішінде ауыл мекен-жайдағы азаматтық орталықтардың тиімді жұмысын ұйымдастыру; VIIІ Азаматтық форумды сапалы әзірлеу, оның ішінде өңірлік азаматтық форумдардың аясында өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ, Форум аясында орталық мемлекеттік органдар бірінші басшыларының ҮЕҰ-лармен салалық кездесулерін сапалы әзірлеу мәселелерін қарастыру.

Отырыс барысында «Almaty Management University» президенті Асылбек Кожахметов сөз сөйлеп, коммерциялық емес секторды және азаматтық белсенділікті дамыту саласындағы тәжірибесімен бөлісті.

ҚР Үкіметі отырысының нәтижесінде мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.