Іздестіру формасы

Қазақстанның жас таланттары «ТМД-ға 100 идея» көрмесіне қатысты

Дата размещения: 16.04.2018 - 16:05
Дата последнего обновления: 16.04.2018 - 16:05
Қазақстанның жас таланттары «ТМД-ға 100 идея» көрмесіне қатысты

Қазақстанның талантты жастары Минск қаласында «ТМД-ға 100 идея» халықаралық көрме-презентациясына қатысты.

Көрмеге ТМД-ның алты елінен: Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейден 45 жоба ұсынылды. Қатысушылардың жұмыстары «Өнеркәсіптік технологиялар және өнеркәсіптік инфрақұрылым», «Тіршілік ету жүйесі (биоинженерлік технологиялар)», «Медицина және денсаулық сақтау», «Ақпараттық технологиялар (IT-саласы)» 13 номинация бойынша ұсынылды.

«ТМД-ға 100 идея» көрмесіне 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастар қатысқан болатын. Олардың жұмыстары  инновациялық идеялар ұлттық конкурстарының нәтижелері бойынша көрмеге қатысуға шығарылған болатын.

Қазақстан делегациясының құрамында серпінді және инновациялық идеялары бар 10 адам қатысты. Олар медицина, қауіпсіздік және көлік жүйелеріндегі өз жобаларының үлгісін көрсетті.

Көрмені ұйымдастырушылар Қазақстан жастарының инновациялық жобалары ғана емес, қазақ халқының мәдени ерекшелігі, атап айтқанда, ұлттық киім, дәстүрлі әшекей бұйымдар және домбырамен орындалатын күй өнері көрсетілген Қазақстан  павильонын ерекше атап өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «ТМД үшін 100 идея» көрме-тұсаукесері жастардың интеллектуалды әлеуетін және ынта-жігерін анықтауға арналған іске қосу алаңы болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық көрме Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесі отырысы аясында өткізілді.