Іздестіру формасы

Қазақстандық кәсіпкерлерге үкіметтік емес ұйымдарының 136 әлеуметтік жобасы ұсынылды

Дата размещения: 13.06.2018 - 12:53
Дата последнего обновления: 12.07.2018 - 15:48
«ASAR» үшжақты ынтымақтастық республикалық форумы

21-22 маусымда Талдықорған қаласында өтетін ҮЕҰ-бизнес-мемлекеттің «ASAR» үшжақты ынтымақтастық II республикалық форумында asarprojects.kz әлеуметтік идеялар платформасы таныстырылатын болады.

Платформаны өткізудің негізгі мақсаты – қоғамның әлеуметтік проблемаларын анықтап, оны шешуде және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тәжірибелерін ілгерілетуде бизнес пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын нығайту.

Әлеуметтік идеялар платформасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Биыл оған түрлі бағыттағы 136 жоба қатысады.

Әлеуметтік идеялар платформасына барлығы 217 өтінім келіп түсті. Ең көп жобалар Алматы облысынан (46 жоба), Павлодар облысынан (34 жоба) және Қостанай облысынан (27 жоба) келіп түсті.

Платформа үкіметтік емес ұйымдарға өздерінің жобаларын Қазақстанның кәсіпкерлеріне ұсынуға мүмкіндік береді. Осылайша, ол ҮЕҰ мен бизнес арасында серіктестік орнатуға жағдай жасайды. Жобалар туралы толығырақ ақпаратты asarprojects.kz сайтынан ала аласыздар.

Сонымен қоса, форум шеңберінде панельдік сессиялар, мастер-класстар, оқыту семинарлары, «Smart Жетысу» дебаттары, «Спикер № 7» интелектуалды конференциясы өткізіледі. Сонымен бірге, ҮЕҰ, бизнес және мемлекеттік органдар арасында Жол картасы мен меморандумдарға қол қойылады.

Форум жұмысына 300-ге жуық отандық және халықаралық ҮЕҰ, «Атамекен» ҰКП, ірі бизнес құралымдар, сарапшылар қауымдастығы, орталық және мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысады.

Бизнесмендер мен үкіметтік емес ұйым өкілдеріне 13 диалог алаң ұйымдастырылып, 13 отандық және шетелдік сарапшылар – Әлеуметтік инвестициялар қорының бас директоры Сергей Голубев (Мәскеу), Азаматтық Бастамалар Комитетінің сарапшысы Вячеслав Бахмин (Мәскеу), жергілікті өзін-өзі басқару реформасы қорының сарапшысы Александр Михайлов (Болгария) қатысады.

Айта кетейік, аталған форум ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Алматы облысының әкімдігі, «Атамекен» ҰКП және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ ұйымдастыруымен өтеді.