Іздестіру формасы

Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға тағайындалатын мемлекеттік гранттарға байқау жарияланды

Дата размещения: 05.01.2018 - 12:58
Дата последнего обновления: 05.01.2018 - 12:58
Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға тағайындалатын мемлекеттік гранттарға байқау жарияланды

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуметтік даму саласының өзекті мәселелерін шешу үшін әлеуетін көтеру мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды тағайындауға байқау жариялады.

Байқауға мүлікті иелену және (немесе) олардың экономикалық қызметі тоқтатылған, қаржылық тұрғыда қабілетсіз деп танылған (банкрот деп танылған)  ҮЕҰ-ды қоспағанда, ҮЕҰ-дың деректер базасында тиісті мәліметтері қамтылған, грантқа өтінім берген қоғамдық ұйымдар қатыса алады.

2018 жылғы үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды тағайындау  жоспарына сәйкес гранттар 11 әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша 87 тақырыпты құрайды. Атап айтқанда, білім,  ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт, азаматтардың денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау және гендерлік мәселелерді шешу,  халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, тарихи-мәдени мұраларды қорғау жобалары бар.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері Комитетінің мәліметіне сәйкес, аталған Жоспар Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Президент Жолдаулары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде құрылады.

Мемлекеттік гранттар байқауына қатысуға өтініштер 2018 жылдың 2-ші ақпанына дейін қабылданады.

Естеріңізге  сала кетейік, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы коммерциялық емес ұйым болып табылады, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы Қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылады.