Іздестіру формасы

Индонезия Қазақстанмен дін саласында ынтымақтастық орнатуға мүдделі

14.11.2017
Индонезия Қазақстанмен  дін саласында ынтымақтастық орнатуға мүдделі

2017 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын Индонезияның Қазақстандағы Елшісі Рахмат Прамономен кездесті.

Кездесу барысында тараптар дін саласында екі мемлекет арасында ынтымақтастық орнату бағыттарын, оның ішінде Индонезия азаматтары үшін Қазақстанның қасиетті жерлеріне арнайы сапар ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Б.Арын Елшіні Министрлік қызметінің негізгі бағыттарымен таныстыра отырып, түрлі этникалық топтар мен дін өкілдерінің ынтымақтастығы мен келісімінің дамуына өлшеусіз үлес қосып отырған   Қазақстанның табысты тәжірибесі, сондай-ақ Мемлекет басшысының Әлемдік және дәстүрлі діндер съезін өткізу жөніндегі бастамасы туралы айтып берді.

Осы ретте вице-министр Индонезия елінің 2018 жылы Астанада өтетін аталған әлемдік дінаралық форумының кезекті 6-шы отырысына белсенді қатысатынына сенім білдірді.

Индонезия Елшісі өз кезегінде, көпұлтты елдің бейбіт өмірі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуде Қазақстанның ұстанып отырған  саясатына жоғары баға берді.

Сондай-ақ, Елші Меккеден қажылық рәсімін жасап қайтатын Индонезиялық азаматтардың еліміздің қасиетті жерлеріне, атап айтқанда Түркістан қаласына саяхаттап келетініне қызығушылық танытты.