Іздестіру формасы

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті

Дата размещения: 13.02.2018
Дата последнего обновления: 15.02.2018
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі  ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті

12 ақпан күні Дін істері және азаматтық қоғам министрінің кеңесшісі Бақытжан Кұлекеев ЕҚЫҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі департамент басшысының орынбасары Дженнифер Крофтпен кездесті.

Кездесу  ЕҚЫҰ өкілдерінің Орталық Азиядағы дінге немесе діни сенім бостандығын насихаттау жолымен қауіпсіздікті және әлеуметтік бірлестікті дамытуға арналған дөңгелек үстелді ұйымдастыру мақсатындағы жұмыс сапары аясында өтті.

Кездесуге қатысушылар қазіргі әлемдегі  қауіп-қатерлерге тиімді қарсы тұру мен аймақтағы тұрақтылықты нығайту үшін ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар ЕҚЫҰ-ның адам құқықтары және демократиялық институттар жөніндегі бюросының Қазақстанның мемлекеттік органдарымен тығыз ынтымақтастық аясында 2017 жылы жүзеге асырған діни бостандықтар саласындағы арнайы жобаның нәтижелерін талқылады.

Б.Құлекеев діни қызмет және діни бірлестіктер туралы жаңа  заң жобасының ерекшеліктері туралы айтып, заңнаманың ең маңызды нормалары дінді деструктивтік мақсаттарда пайдалануды болдырмауға және ресми тіркелген діни бірлестіктердің қызметін жеңілдетуге бағытталғандығына тоқталып өтті.

ЕҚЫҰ өкілдері Министрлік өкілдерінің тұщымды сұхбатына және жылы қабылдауына алғыстарын білдіріп, алдағы іс-шара жемісті ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды қадам болатынын атап өтті.