Іздестіру формасы

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

07.01.2018
Дін істері және азаматтық қоғам министрі Православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

Бүгін, 6-нан 7 қаңтарға қараған түні Алматы қаласындағы Вознесенский Кафедралды соборында христиан әлемінің басты мерекесі Рождествоға орай салтанатты шара өтті. Онда Қазақстандық және Астаналық Митрополит Александр мінажат ету рәсімін өткізді.

 

Вознесенский соборындағы шараға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев қатысып, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Рождество мерекесіне арналған құттықтау хатын оқыды.

Н. Ермекбаев өз тарапынан Православие шіркеуінің ел азаматтарының рухани өміріндегі маңызды рөліне тоқталып,  оның еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты нығайтуға, қазақстандық қоғамның дамуына қосып келе жатқан үлесін  атап өтті.

Сондай-ақ,  министр   Қазақстандағы православиелік христиан діні  өзара түсіністік пен конфессияаралық диалогтың дамуына ықпал ететін, балаларды тәрбиелеуге және отбасы институтын нығайтуға айрықша көңіл бөлетін ықпалды мәдениет құраушы фактор болып табылатындығын атап өтті.

 Іс-шара барысында министр Мемлекет басшысының жарлығын орындау аясында Митрополит Александрға мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі,  еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін жоғары мемлекеттік награда «Парасат» орденін табыстады.

Кездесу соңында министр барша Православиелік христиан дінінің өкілдерін және отандастарды Рождество мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік және Қазақстан Республикасының игілігі жолында атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі.