Іздестіру формасы

Дархан Кәлетаев жастарды прагматизмге шақырды

Дата размещения: 13.04.2018 - 16:07
Дата последнего обновления: 13.04.2018 - 17:25
Дархан Кәлетаев жастарды прагматизмге шақырды

Бүгін Шымкент қаласында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев студенттер және жастар белсенділермен кездесу өткізді.

Министр Д.Кәлетаев өз сөзінде адамның негізгі өмірлік қажеттілігіне айналатын жоғары білім алудың маңыздылығын атап өтті.

Оның пікірінше, талапкерлер оқу орнын және мамандығын таңдау кезінде жоғары білім ордасының мәртебесіне және тегін білім алу мүмкіндігі сияқты маңызды өлшемдерге көп назар аудара бермейді.  

Министр бұған дәлел ретінде жастардың қалайтын мамандықтарына жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің деректерін келтірді. Таңдаулы мамандықтар арасында заңгер (13%), медицина (10,5%), экономика (7,7%), дизайн (6,5%), қаржы (5,9%), көлік (5,3%) секілді мамандықтар атап өтіледі. «Болашақтың мамандықтары», оның ішінде ақпараттық технологиялар (4,4%) басымдыққа ие мамандық қатарына енбейді.

«Бұл прагматизмнің жоқтығын білдіреді. Білімді тегін алуға мүмкіндік бола тұра, сіздерге құны қымбат және еңбек нарығында талап етілмейтін білім үшін төлемақы жасатып, өз ата-аналарыңызды қарызға батырудың қажеті неде?»-деп кездесуге жиналған жастарға сауалын жолдады министр Дархан Кәлетаев. 

Министр өткен оқу жылынан бастап Мемлекет басшысының бастамасы бойынша «Баршаға ортақ тегін техникалық және кәсіптік білім» бағдарламасы басталғанын еске салып өтті. Сондай-ақ, 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шеңберінде жұмыссыздарды қайта даярлау үшін жақсы жағдайлар жасалған. Бұдан бөлек,  ағымдағы жылдың наурыз айында Мемлекет басшысы өзінің «Бес әлеуметтік бастама» үндеуінде мемлекеттік қолдау шараларын жариялағаны белгілі.

«Жастар саясаты саласында қатысы бар жастардың ешқайсысы назардан тыс қалмайды. Қарапайым отбасылардан шыққан Қазақстанда табысқа жеткен  бірнеше жастарды  мысал ретінде айта аламын», - деді Дархан Кәлетаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесінің ХХІ отырысы өтті. Шарада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазіргі қазақстандық жастардың құндылық мақсаттары мен жастар арасындағы мәдени-бос уақыт қызметтерін тиміді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.