Іздестіру формасы

Дархан Кәлетаев Өзбекстанның Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Дата размещения: 14.05.2018 - 13:07
Дата последнего обновления: 14.05.2018 - 13:07
Дархан Кәлетаев Өзбекстанның Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Өзбекстанның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесу өткізді.  Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Дархан Кәлетаев екі ел арасында достық және бауырластық қарым-қатынас қалыптасқанын атап өтті.

Министрдің айтуынша, 2018 жылы Қазақстандағы Өзбекстан жылының аясында бауырлас елдер арасындағы достықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін түрлі іс-шаралар өткізілетін болады.  

Кездесуде 2017 жылғы 10 наурызда Қазақстан мен Өзбекстанның Қауіпсіздік кеңестері арасындағы консультациялар шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында діни қызметті реттейтін уәкілетті мемлекеттік органдар арасында меморандумға қол қою мәселесі талқыланды.  

Д. Кәлетаев жақын арада ынтымақтастықтың басым бағыттарын көрсететін аталған Келісімге қол қойылатынына сенім білдірді.

Өзбекстанның Қазақстандағы Елшісі Саидикрам Ниязходжаев екі ел жастарының форумын өткізу, діни туризмді дамыту бойынша бірлескен жұмысты ұйымдастыруды ұсынды.

Кездесу соңында тараптар дін, азаматтық қоғам және жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниет білдірді.