Іздестіру формасы

Дархан Кәлетаев «Азаттық» радиосының вице-президентімен кездесті

Дата размещения: 15.05.2018 - 20:17
Дата последнего обновления: 15.05.2018 - 20:17
Дархан Кәлетаев «Азаттық» радиосының вице-президентімен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев «Азаттық Радиосы/ Азат Еуропа Радиосы» халықаралық медиа компаниясының вице-президенті Ненад Пейчпен кездесті.

Кездесу барысында діни радикализмнің алдын алу саласында ақпараттық жұмыстарды жүргізудегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Дархан Кәлетаев халық арасында діни радикализм мен экстремизм идеологиясының таралуын болдырмауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде, Ненад Пейч медиа компания жүзеге асырып жатқан өңірлік терроризмге қарсы «Біздің атымыздан  емес» атты жоба туралы әңгімелеп берді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар діни радикализмнің алдын-алу саласында ақпараттық-ағартушылық қызмет аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендікдерін білдірді.