Іздестіру формасы

«Атамекен» кіші бағдарламасы аясында 2626 жоба іске асырылды

Дата размещения: 14.04.2018 - 11:27
Дата последнего обновления: 14.04.2018 - 11:27
«Атамекен» кіші бағдарламасы аясында 2626 жоба іске асырылды

13 сәуір күні Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» бағдарламалық мақаласының бір жылдығына арналған көрме-презентациясы ашылды.

Көрмеде бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылған «Туған жер», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «100 жаңа оқулық», «Латын қарпіне көшу», «100 жаңа есім» жобаларының нәтижелері көрсетілді.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Атамекен» кіші бағдарламасын жүзеге асыруда. Ол екі негізгі бағыт - «Әлеуметтік бастамалар картасы» және «Жомарт жүрек» жобасы аясында іске асырылады:

«Әлеуметтік бастамалар картасы» 6 жобаны қамтиды: Интерактивті платформа; Туған жерге тағзым; «ASAR» үшжақты ынтымақтастық платформасы; Аймақтық ресурстық орталықтарды дамыту; Краудсорсингтік платформа; Волонерлік корпус.

«Атамекен» кіші бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері 2626 жоба, оның ішінде  қалаларда- 696 жоба, ауылдарда – 1930 жоба жүзеге асырылды.

«Туған жерге тағзым» жобасының аясында 2017 жылдан бастап жалпы соммасы 52 млрд. 195 млн. тенгені құрайтын 834 объект салынды және жаңартылды. Барлығы 1502 меценат тартылды.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысының кәсіпкері Қайрат Майтеков өз қаражатына Жұбановтар отбасына арнап «Жұбановтар әлемі» мұражай-үйін тұрғызды. Жобаның мақсаты – әйгілі музыкалық Жұбановтар әулетінің мұрасын сақтап, танымалдандыру. Мұражай-үйінде Құдайбергеннің жазба машинасы, Ахметтің ноталық парақтары және Жұбановтар отбасының жүздеген экспонаттарымен толтырылды. Сонымен бірге, жоба шеңберінде Майтековтер отбасы өз есебінен аймақтың жас таланттарын халықаралық конкурстар мен фестивальдерге жіберуді жоспарлауда.

Меценат, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкері Арман Машимов өзі білім алған Семей қ. Восточный ауылындағы № 12 мектепте балаларға арнап спорт алаңын салды. Онда футбол, баскетбол алаңдары, жүргіру жолы, секіртпе жол, турникеттер орналасқан. Сонымен бірге, кәсіпкердің есебінен кәсіби жаттықтырушылар шақыртылып, футболмен айналысу үшін жаттығу топтары ашылды. Бүгінде онда 100-ге жуық ауыл баласы футболмен шұғылдануда.

Көрме 15 сәуірге дейін жалғасады.