Іздестіру формасы

Астананың 20-жылдығына арналған жастардың ең үздік бейне құттықтауы республикалық конкурсы жарияланды

Дата размещения: 22.06.2018 - 15:43
Дата последнего обновления: 02.07.2018 - 13:50
Астананың 20-жылдығына арналған жастардың ең үздік бейне құттықтауы республикалық конкурсы жарияланды

ҚР ДІАҚМ Жастар саясаты департаменті «Жастар» ҒЗО-мен бірлесіп, Астананың 20-жылдығына арналған жастардың ең үздік бейне құттықтауы республикалық конкурсын жариялайды.

Конкурстың мақсаты Елбасының астананы ауыстыруы жөніндегі бастамасының тарихи маңыздылығын жас көшбасшылар мен белсенділердің бағалауын көрсету арқылы жастардың патриотизмін жоғарылату және заманауи Қазақстанның қалыптасуы мен шетелдерде оның беделін нығайту болып табылады.

Конкурс екі тақырып бойынша ұйымдастырылады:

Біріншісі – «Астана – бейбітшілік пен жасампаздықтың ордасы!»/ «Астана - город мира и созидания» (Мемлекет басшысының еліміздегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған жаһандық сыртқы саяси және ішкі саяси бастамаларын көрсететін бейнеролик);

Екіншісі – «Астана – жастар қаласы!»/ «Астана – город молодежи!» (Қазақстан мен елорда жастарының жетістіктерін насихаттауға бағытталған бейнеролик).

Конкурстың жүлделік қоры 700 мың теңге:

1-орын үшін екі тақырып бойынша ақшалай жүлде – 150 мың теңге.

2-орын үшін екі тақырып бойынша ақшалай жүлде – 120 мың теңге.

3-орын үшін екі тақырып бойынша ақшалай жүлде – 80 мың теңге.

Бейнероликтің ұзақтығы 30 секундтан 2 минутқа дейін (120 сек.).

Қатысушылар жеке және ұжымдық жұмыстарын жолдай алады. Әр қатысушы 1 жеке және/немесе 1 ұжымдық еңбектен артық жолдай алмайды.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 2018 жылғы 22 маусымнан 3 шілдеге дейін қабылданады.

2018 жылғы 5 шілдеде Конкурс жеңімпаздары марапатталады.

Конкурсқа қатысу үшін ұйымдастырушылық комитетке ең ерекше бейне құттықтауды infonic@elzhastary.kz (БАЙҚАУ немесе КОНКУРС жазуымен) электрондық поштасына жолдау қажет.

Толығырақ ақпаратты http://eljastary.kz сайтынан немесе 8 7172 278159 телефон нөмірі бойынша біле аласыздар.