Іздестіру формасы

Астананың 20 жылдығына арналған ең үздік бейне құттықтаулардың авторлары марапатталды

Дата размещения: 05.07.2018 - 15:46
Дата последнего обновления: 12.07.2018 - 12:20
Награждение / Марапаттау

Астанада жастардың арасында өткен елорданың 20 жылдығына арналған ең үздік бейне құттықтаулар республикалық байқауының қорытыдысы шығарылды.

Байқау «Астана – бейбітшілік пен жасампаздықтың ордасы» және «Астана – жастар қаласы» атты екі номинация бойынша өтті. Байқауға Қазақстанның әр өңірінен 31 бейнеқұттықтау келіп түсті, оның  ішінде 10 бейнеқұттықтау үздік деп танылды.

«Астана - бейбітшілік пен жасампаздықтың ордасы»  номинациясы бойынша Семей  мемлекеттік медициналық университетінің студенті –Айдын Антеев бірінші орынға ие болды. Екінші орынды –журналист Рауан Қайдар, үшінші орынды- Салтанат Рзаева иеленді. Ал, «Көрермендер көзайымы» ынталандыру грамотасымен  Лев Тырышкин марапатталды.

«Астана – жастар қаласы» номинациясы бойынша  журналист Карина Шайкенова жеңімпаз атанды.  Екінші орынға Айша Сейілова, үшінші орынға Айтмұхамед  Қалмаханов ие болды. «Креативті бейнебаян» және «Елордаға арналған ілтипат» ынталандыру грамоталары  Ботанов Арнай мен Жасталап Арманға табысталды.

Екі номинация бойынша жеңімпаздарға сыйақы берілді ( 1 орынға -150 мың теңге,  2-орынға 120 мың теңге, 3-орынға 80 мың теңге) , сондай-ақ,  қатысушылар шарада белсенділік танытқаны үшін арнайы грамоталармен марапатталды.