Іздестіру формасы

Астанада «Жан жүрегім - Астана!» жастар фестивалі өтеді

Дата размещения: 11.07.2018 - 18:07
Дата последнего обновления: 11.07.2018 - 18:07
Open air

12 шілде күні елордадағы Арбатта Астананың 20-жылдығына арналған «Жан жүрегім -  Астана!» атты жастар шығармашылық фестивалі өтеді.

Фестиваль аясында Астана қаласының 20 жылдығын мерекесіне арналған ашық аспан астында мәдени-бұқаралық шаралар өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, автошеру флешмобы, шахмат бойынша блиц - турнир, күйді виртуозды түрде орындау, жастар арасында гитарада танымал әндерді орындау, би батлы: лезгинка мен брейк-данс арасында жекпе-жек, қолөнершілер бұйымдарының көрмесі өтеді.

Фестивальді эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін Open Air шарасы аяқтайды. Сондай-ақ, әуе шарлары ұшырылып, қатысушыларға балмұздақ таратылады.

Шара ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен өтеді. Оның мақсаты – жастардың азаматтық және шығармашылық белсенділігін арттыру.

Іс-шараға ҚР Қоғамдық даму министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының өкілдері, республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары және танымал тұлғалары қатысады деп күтілуде.

Мерекелік шара «Арбат Астана» аумағында сағат 17.30-да басталады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын фестивальді тамашалауға шақырамыз.