Іздестіру формасы

Астана Экономикалық Форумында азаматтық қоғамның даму мәселелері талқыланады

Дата размещения: 05.05.2018 - 15:24
Дата последнего обновления: 05.05.2018 - 15:24
Астана Экономикалық Форумында азаматтық қоғамның даму мәселелері талқыланады

2018 жылғы 18 мамырда 2018 Астаналық экономикалық форумы «Global Challenges Summit» аясында «Азаматтық қоғамның болашағы. Жаңа азаматтық белсенділік» атты панельдік сессиясы өтеді.

Астана форумының алаңында алғаш рет азаматтық сектордың қазіргі заманғы жаһандық тенденцияларының негізгі аспектілері, үкіметтік емес ұйымдарының қызметіндегі жаңа сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер талқыланатын болады.

Сессия жұмысына ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің басшылары, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес ұйым өкілдері, саясаттанушылар, ғылыми-зерттеу ұйымдары, сонымен қатар өзінің азаматтық позициясымен әлемдік және мемлекеттік саясаттағы ықпалды пікір көшбасшылары қатысады.

Сессияны Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы және Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Eurasian expert Council» қоғамдық қоры өткізеді.

Қатысушыларға «Ағымдағы жағдайға шолу және Қазақстанның заманауи азаматтық қоғамын дамыту болашағы» Бюллетені ұсынылады.

Сондай-ақ, сессия барысында интерактивті көрме өтеді, онда ҮЕҰ іске асырған инновациялық жобаларын және азаматтық белсенділік аясындағы үздік тәжірибелерін ұсыну мүмкіндігіне ие болады. Көрмеге қатысуға барлық мүдделі қоғамдық ұйымдар шақырылады.

Сессияға қатысу тегін және тек алдын ала берілген өтінім бойынша ғана жүзеге асырылады. Орындар саны шектеулі. Қатысушыларға 2018 жылғы Астана экономикалық форумы аясындағы басқа да іс-шараларға тегін қатысу құқығы беріледі. Қатысушы ретінде тіркелу үшін формаға сәйкес толтырылған өтінімдерін, сонымен қатар expcouncil@gmail.com электронды поштасына қатысу жөніндегі өтініш хаттарын жіберуге болады.

Анықтама телефондары: + 7 747 584-45-88, + 7 702 259-99-94.