Іздестіру формасы

«ASAR» І республикалық үшжақты ынтымақтастық форумының қарары жарияланды

10.11.2017
«ASAR» І республикалық үшжақты ынтымақтастық форумының  қарары жарияланды

«ASAR» І республикалық үшжақты ынтымақтастық форумының қарарын жарияланды.

 Құжат қоғам арасында қоғамның өміріне ортақтастық, тілектестік және әлеуметтік жауапкершілік сияқты ортақ сезімдерін өзектендіру мақсатында әлеуметтік салаға бизнесті кеңінен тарту құралдары мен тетіктерін жетілдіру бойыншы ұсыныстарды қамтиды.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдарға тұрақты негізде жыл сайын мемлекеттік органдарға диалогтық алаңдарда ҮЕҰ, бизнес және мемлекеттің үшжақты ынтымақтастық мәселелерін қарастыруға, әлеуметтік идеяларды және жобаларды жүзеге асыру үшін бизнес-құрылымдары өкілдерін тартуға жәрдемдесу бойынша ұсыныстар берілді.

Бұдан басқа қарарда Үкіметтік емес ұйымдардың сарапшыларын жұмылдыру арқылы мемлекеттік қызметкерлердің, жастардың, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша жүйелі және кәсіби оқыту жұмыстарын ұйымдастыру туралы ұсыныстар жасалды.

Форум қатысушылары келесі форумды өткізу орны ретінде Алматы облысын таңдауды ұсынды.

Еске сала кетейік, мемлекет, ҮЕҰ және бизнес арасында тиімді ынтымақтастықты орнату мақсатында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бастамасымен, «Атамекен» ҰКП мен Атырау облысының әкімдігінің қолдауымен Атырау қаласында ү.ж. 30-31 қазанда «ASAR» І республикалық үшжақты ынтымақтастық форумы өтті.

Қарардың толық мәтінін төмендегі сілтемеден көре аласыздар https://diakom.gov.kz/kk/content/asar-i-respublikalyk-ushzhakty-yntymakt...