Іздестіру формасы

Абзал Нүкенов Оңтүстік Қазақстан облысы жастарына Президенттің әлеуметтік бастамаларын түсіндірді

Дата размещения: 16.04.2018 - 17:51
Дата последнего обновления: 16.04.2018 - 18:29
Абзал Нүкенов Оңтүстік Қазақстан облысы жастарына Президенттің әлеуметтік бастамаларын түсіндірді

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің ХХІ отырысы аясында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін түсіндіру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан және Кентау қалаларына барып, бірқатар кездесулер өткізді.

Түркістан қаласында Абзал Нүкенов жергілікті Ақсақалдар алқасы және Қоғамдық кеңес мүшелерімен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жастармен кездесті. Кездесу барысында вице-министр мемлекеттік жастар саясаты, «Туған жер» бағдарламасының негізгі мақсаттары, ҮЕҰ тарапына мемлекеттік қолдау мен гранттық қаржыландыру мәселелері туралы баяндады.

Бұдан кейін Абзал Нукенов Кентау қаласында болып, Трансформатор зауытының жұмысшы жастарымен кездесті. Онда технологияның дамуы мен цифрландырудың әлеуметтік ерекшеліктері жөнінде әңгімеледі. Сонымен қатар, жастарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндап, жастар тәрбиесі төңірегінде мәселелерді талқылады.

Жұмыс сапар аясында вице-министр Кентау қаласының Жастар ресурстық орталығының жұмысымен танысты.