Іздестіру формасы

Оқиғалар күнтізбесі

2018 жылғы 21 ақпан күні ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Алқа мәжілісі өтеді

2018 жылғы 21 ақпан күні Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің алқа отырысы өтеді. Алқа мәжілісі «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Төртінші индустриалды революция жағдайындағы дамудың  жаңа мүмкіндіктері» атты  Қазақстан халқына Жолдауының басымдықтарын есепке ала отырып 2018 жылға арналған міндеттерді талқылау және  Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің 2017 жылы атқарған жұмысының қортындысы» тақырыбында өтеді. 

Министрліктің алқа мәжілісі онлайн-трансляция режимінде өтеді.

Өтетін орны: Астана қаласы, «Казмедиа Орталығының» киноконцерт залы, Қонаев көшесі 4 үй;

Өтетін күні: 2018 жылғы 21 ақпан;

Өтетін уақыты: сағат 15:00.  

Іс-шара бойынша толық мәлімет алу үшін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласуға болады: diakm_rk@mail.ru, телефондары: 74-00-85, 74-08-46.