Іздестіру формасы

Жастар саясаты

Дата размещения: 26.08.2017
Дата последнего обновления: 29.01.2018

Жастар саясаты саласында статистикалық деректермен анықтама

Ресми статистикалық деректерге сәйкес 2017 жылы республика жастарының саны (14-29 жас) -  3 994 464 млн. адам немесе 22,3 %, (2014 – 4 293 млн. адам, 2015 –4 206 млн. адам, 2016 – 4 099 млн. адам), соның ішінде қалада 2 274 524 млн. адам және ауылда 1 719 940 млн. адам.

Жастардың жұмыспен қамтылу көрсеткіштері (ресми статистика деректері бойынша)

2017 жылғы 3 тоқсанның қорытындысы бойынша жастар арасындағы экономикалық белсенді тұрғындар саны – 2120,725 мың адам (2016 жылы – 2272,957 мың адам), жұмыс күшінің саны жұмыспен қамтылған азаматтар ретінде жіктелді – 2036,032 мың адам (олардың ішінде: жалдамалы жұмысшылар – 1532,658 мың адам, дербес жұмыспен қамтылғандар – 503,374 мың адам) және жұмыссыздар 84,693 мың адам

Анықтама ретінде: Жұмыспен қамтылғандар мәртебесі бойынша дербес жұмыспен қамтылған жастардың гендерлік қасиеті бойынша көрсеткіштері: барлығы 503, 4 мың адам, олардың ішінде ерлер - 280, 9 мың адам, әйелдер – 222,4 мың адам.

Экономикалық қызметі бойынша жастардың жұмыспен қамтылуының ең жоғары көрсеткіші көтерме және бөлшек саудада, автокөлікті және мотоциклдарды жөндеу - 340,9 мың адам; ауыл, орман және балық шаруашылығында - 316,7 мың адам; өнеркәсіпте - 214,6 мың адам; білім беру - 209,7 мың адам.

2017 жылдың 3 тоқсандағы қорытындысы бойынша жұмыссыз жастардың саны - 84,7 мың адам немесе жастардың жалпы санының 4,0% (2016 жылғы 3 тоқсанның қорытындысы бойынша – 89,6 мың адам немесе жастардың жалпы санының 3,9%). 

Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша еңбек нарығының негізгі индикаторлары: жұмыссыз жастардың ең жоғары деңгейі Алматы қаласында – 6,6%, Қарағанды облысында – 5,0%, Қызылорда облысы және Астана қаласында – 4,5%, Шығыс Қазақстан облысында – 4,0 %, ОҚО – 3,9%.

Ағымдағы жылдың 3 тоқсанындағы 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі Қазақстан Республикасында 8,2% құрады (2016 жылғы 3 тоқсан бойынша – 9,5%). Өңірлерде келесідей көрініс: ең жоғары көрсеткіш Жамбыл облысында – 13,5%, Қарағанды облысында – 13,4 %, ОҚО – 12,5%, Маңғыстау облысында – 11,0%. Ең төменгі көрсеткіш БҚО-да – 2,8%, ШҚО – 4,2% және Қостанай облысында – 4,9%.

Анықтама ретінде: «Лайықты еңбектің индикаторлары. Тұжырымдамалар мен анықтамалар» ХЕҰ әдістемесіне сәйкес NEET жастары – жалпы жастар санының % көрсеткішінде ешқайда жұмыс істемейтін (жұмыссыз немесе жұмыс саласында емес) және оқымайтын жастардың үлесі ретінде анықталады.

Құқықбұзушылықтар – 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы 14 және 29 жастағы жастар арасындағы құқықбұзушылықтар санының 52 135-тен 50 224-ке дейін (1911-ге, яғни 3,6%-ға) азаюы байқалады.

Өзі-өзіне қол жұмсау – 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы 15-29 жас аралығындағы жастар арасындағы өзі-өзіне қол жұмсау фактілерінің 974-тен 894-ке дейін (80-ге, яғни 8,2%-ға) азайғаны байқалады.

Некелер және ажырасулар

Статистика комитетінің деректері бойынша 2016 жылы 18-28 жас аралығындағы ерлер арасында - 91208 неке, сәйкесінше жастағы әйелдер арасында 108904 неке жасалды.  

2017 жылғы 7 ай ішінде жастар арасында 55 877 неке (әйелдер) және 46 420 неке (ерлер) тіркелді. 

Жас ерлер арасында (18-28 жас) ажырасулар саны – 11 466. Жас әйелдер арасында (18-29 жас) ажырасулар саны – 17 855. 

Көші-қон

2016 жылы 15-29 жастағы эмигранттар саны – 8816 адам (бұл барлық эмигранттардың 25,2 %, барлық эмигранттар - 34900), олардың ішіндегі әйелдер - 4796, ерлер - 4020.

Денсаулық

2017 жылғы 6 айда:

- диспансерлік бақылаудағы психикалық ауытқулары бар жастардың (15-29) саны – 48081;

- есірткіге тәуелді жастардың (15-29) саны – 17792;

- диспансерлік есепте тұрған жасөспірімдер (15-17) саны: туберкулездің белсенді түрімен – 328, туберкулездің белсенді емес түрімен – 375;

- жастар (14-29) арасындағы онкологиялық аурулар саны – 745.