Іздестіру формасы

Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидалар

Дата размещения: 28.08.2017 - 1:33
Дата последнего обновления: 28.08.2017 - 1:33

Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидалар

                               Қазақстан Республикасының                                  

     Дін істері және азаматтық           

қоғам Министрінің 2017 жылғы «22» ақпандағы  №16 бұйрығымен

бекітілді

 

 

Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі

үлгілік қағидалар

 

                                  1-тарау. Жалпы ережелер

 

         1. Осы волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Волонтерлік қызмет туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу тәртібін анықтайды.

         2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

         1) волонтер – волонтерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

2) волонтерлер тобы – осы Заңда белгіленген нормалар қолданылатын, волонтерлік қызметті бірлесіп жүзеге асыру мақсатында құрылған жеке тұлғалардың тіркелмеген ерікті қоғамдастығы;

3) волонтерлік акция – волонтерлік ұйым және (немесе) волонтерлер және (немесе) волонтерлер тобы орындайтын нақты әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы міндетті шешуге бағытталғаніс-шара;

4) волонтерлік бағдарлама (жоба) – волонтерлік ұйым және (немесе) волонтерлер және (немесе) волонтерлер тобы орындайтын іс-шаралар мен күтілетін нәтижелер көрсетіле отырып, әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге бағытталған жүйелі шаралар кешені;

         5) волонтерлік қызмет субъектілері – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес волонтерлік қызметті жүзеге асыратын (волонтерлер, волонтерлер тобы, волонтерлік ұйымдар, волонтерлік қызметті үйлестірушілер) жеке және заңды тұлғалар.     

6) волонтерлік қызметті есепке алу тізілімі (бұдан әрі – деректер тізілімі)  – волонтерлер, волонтерлер топтары, волонтерлік ұйымдар, волонтерлік қызметті үйлестірушілер мен ұйымдастырушылар, волонтерлік бағдарламалар (жобалар), волонтерлік акциялар, олардың өткізілу орны мен уақыты, оларды өткізуге қойылатын талаптар туралы мәліметтер қамтылған деректер тізілімі;
         7) волонтерлік қызметті ұйымдастырушы – волонтерлерді өзі дербес не волонтерлік ұйымдар арқылы тартатын орталық және жергілікті атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, өзге де ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар;

8) волонтерлік ұйым – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және волонтерлік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым (діни бірлестіктерді, тұтыну кооперативтерін, сондай-ақ саяси партиялар немесе кәсіптік одақтар нысанындағы қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда);

 

 

   2-тарау. Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу тәртібі

 

3. Орталық атқарушы органдар волонтерлік қызмет туралы деректер қалыптастыру мақсатында  волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін (бұдан әрі – деректер тізілімі) жүргізеді. Деректер тізілімі орталық атқарушы органдармен өз өкілеттілігі шегінде олардың интернет-ресурстарында волонтерлік қызмет субъектілері, волонтерлік бағдарламалар (жобалар) және волонтерлік акциялар туралы осы Қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес деректер енгізу арқылы қалыптастырылады.

         4. Деректер тізілімін жүргізуге жауапты қызметкер орталық атқарушы органның басшылығымен анықталады. Жауапты қызметкер туралы ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), байланыс деректері, электронды адресі) орталық атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады.         5. Деректер тізіліміне ақпарат енгізу үшін волонтерлік қызмет субъектілері қызмет бағытына байланысты сәйкесінше орталық атқарушы органдарға өз еркіменволонтерлік қызмет субъектілері туралы (осы Қағидалардың 2, 3, 4, 5 және 6 қосымшаларына сәйкес), волонтерлік бағдарламалар (жобалар) және волонтерлік акциялар туралы (осы Қағидалардың 7 және 8 қосымшаларына сәйкес) ақпарат ұсынады.

         6. Волонтерлік қызметті есепке алу хабарлау сипатында болады.

         7. Орталық атқарушы органның жауапты қызметкері электронды поштамен волонтерлік қызмет субъектілері, волонтерлік бағдарламалар (жобалар) және волонтерлік акциялар туралы ақпараттарды алған кезде ақпарат келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде деректер тізіліміне енгізеді.

8. Деректер өзгерген жағдайда волонтерлік қызмет субъектілері орталық атқарушы органның жауапты қызметкерінің электронды поштасына хабарлау арқылы орталық атқарушы органды хабардар етеді.

         9. Орталық атқарушы органның жауапты қызметкері волонтерлік қызмет субъектілерінен өзгерістер туралы ақпарат келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде деректер тізіліміне өзгерістерді енгізеді.

         10. Волонтерлік қызмет субъектілері волонтерлік қызметті тоқтатқан жағдайда деректер тізілімінен шығару үшін орталық атқарушы органды хабардар етеді.

 

    Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларына 1 қосымша 

             Үлгі

Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімі

 

Волонтерлік қызмет субъектілерінің атауы

 

Байланыс ақпараты,

web-сайт

(болған жағдайда)

 

Волонтерлік бағдарламаның (жобаның)/

волонтерлік акцияның атауы

Волонтерлік бағдарламаның (жобаның)/

волонтерлік акцияның мақсаты, негізгі міндеттері және жүзеге асыру әдістері

Волонтерлік бағдарламаның (жобаның)/

волонтерлік акцияның мақсатты тобы

Күтілетін нәтижелер

Волонтерлік бағдарламаның (жобаның)/

волонтерлік акцияның өткізілу орны және уақыты

Волонтерлік бағдарламаның (жобаның)/

волонтерлік акцияны өткізу талаптары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларына   2 қосымша 

                 Үлгі  

Волонтер сауалнамасы

 

Өзіңіз туралы мәлімет

Фамилиясы

 

Аты-жөні

 

Тегі (болған жағдайда)

 

Волонтерлік қызметтегі тәжірибесі

 

Байланыстың қай түрі Сізге ыңғайлы:

Телефон

Email

 

 

Волонтерлік қызметті іске асыру бойынша ақпарат:

Қазіргі уақытта Сіздің қатысып жүрген негізгі қызмет түрлерін көрсетіңіз:

1) әлеуметтік қызмет көрсетуге, әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға, өмірлік қиын жағдайға қалған балаларға көмек көрсетуге қатысу

 

2) қарттар, мүгедектер, мүгедектер үшін қол жетімді ортаны ұйымдастыру, әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмыстарға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды интеграциялау мен тәрбиелеуге ықпал ету 

 

3) төтенше апаттардан, экологиялық, техногенді және өзге де шиеленістерден зардап шеккен, әлеуметтік шиеленістер, бақытсыз жағдайлардан, құқық бұзушылық құрбандары, босқындар мен амалсыз қоныс аударушылар, сондай-ақ сырттан көмек пен қолдауға мәжбүр азаматтардың өзге түрлері мен топтарына көмек көрсетуге қатысу

 

4) орталық және жергілікті атқарушы органдарына төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жоюға ықпал етуге қатысу

 

5)хабарсыз кеткен адамдарды, Ұлы Отан соғысымен оқшау соғыстарға қатысушылардың сүйектерініздеуге қатысу

 

6)қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысу

 

7) тарихи және мәдени мұраны сақтау, тарихи-мәдени мекендеу ортасын қалпына келтіру мен сақтау үшін мүмкіндіктер жасауға қатысу

 

8) білім беруді, ғылымды, мәдениеттідамытуға, білімді танымал етуге, инновацияларды дамытуға қатысу

 

9) денешынықтыруды, спортпен белсенді демалысты дамытумен танымал етуге, өңірлік, өңіраралық, республикалық қоғамдық және халықаралық денешынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу

 

10) саламаты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу

 

11) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқада ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, археологиялық қазбаларға, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, конгресс-көрме қызметіне қатысу

 

12) халықтар арасындағы татулықты, достықпен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, этносаралық, діни шиеленістерді болғызбауға қатысу

 

13) волонтерлік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзгеде түрлері болып табылады

 

Волонтер ретіндегі өз роліңізді қысқаша сипаттап беріңіз

1) Өзсаласындағыкәсібимаман
2) Басшы/көшбасшы
3) Менеджер
4) Жаттықтырушы/оқытушы
5) Логистик

6) Хатшы

 

 

 

Сіздіңқолжетімділігіңіз

Қай уақытты Сізге волонтер қызметін атқарған ыңғайлы?

1) еңбек демалысы/демалыс уақытында

2) мейрамкүндері

3) жазғыуақытта

4) басқауақытта

Түсініктемелер

 

 

 

 

 

Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік

қағидаларына 3 қосымша

                  Үлгі

 

Волонтерлік топтың сауалнамасы

 

Волонтерлік топ туралы мәлімет

Волонтерлік топ басшысының фамилиясы

 

Волонтерлік топ басшысының аты

 

Волонтерлік топ басшысы әкесінің аты (болған жағдайда)

 

Волонтерлік топ басшысының волонтерлік қызметтегі тәжірибесі

 

Волонтерлік топ тізімі

 

1

 

2

 

3…

 

Байланыстың қай түрі Сізге ыңғайлы:

Телефон

Email

 

 

Волонтерлік қызметті іске асыру бойынша ақпарат:

Қазіргі уақытта Сіздің қатысып жүрген негізгі қызмет түрлерін көрсетіңіз:

1) әлеуметтік қызмет көрсетуге, әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға, өмірлік қиын жағдайға қалған балаларға көмек көрсетуге қатысу

 

2) қарттар, мүгедектер, мүгедектер үшін қол жетімді ортаны ұйымдастыру, әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмыстарға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды интеграциялау мен тәрбиелеуге ықпал ету 

 

3) төтенше апаттардан, экологиялық, техногенді және өзге де шиеленістерден зардап шеккен, әлеуметтік шиеленістер, бақытсыз жағдайлардан, құқық бұзушылық құрбандары, босқындар мен амалсыз қоныс аударушылар, сондай-ақ сырттан көмек пен қолдауға мәжбүр азаматтардың өзге түрлері мен топтарына көмек көрсетуге қатысу

 

4) орталық және жергілікті атқарушы органдарына төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жоюға ықпал етуге қатысу

 

5) хабарсыз кеткен адамдарды, Ұлы Отан соғысымен оқшау соғыстарға қатысушылардың сүйектерін іздеуге қатысу

 

6) қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысу

 

7) тарихи және мәдени мұраны сақтау, тарихи-мәдени мекендеу ортасын қалпына келтіру мен сақтау үшін мүмкіндіктер жасауға қатысу

 

8) білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамытуға, білімді танымал етуге, инновацияларды дамытуға қатысу

 

9) денешынықтыруды, спортпен белсенді демалысты дамыту мен танымал етуге, өңірлік, өңіраралық, республикалық қоғамдық және халықаралық денешынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу

 

10) саламаты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу

 

11) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқада ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, археологиялық қазбаларға, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, конгресс-көрме қызметіне қатысу

 

12) халықтарар асындағы татулықты, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, этносаралық, діни шиеленістерді болғызбауға қатысу

 

13) волонтерлік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзгеде түрлері болып табылады

 

Түсініктемелер:

 

 

 

 

Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік   қағидаларына 4 қосымша

 

                  Үлгі

 

Волонтерлік ұйымның сауалнамасы

 

Волонтерлік ұйым туралы ақпарат

Ұйым атауы

 

Ұйымның негізгі қызмет түрлері

 

Web-сайт (болған жағдайда)

 

Ұйым басшысы туралы ақпарат

Ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

Байланысақпараты

 

Волонтерлік қызметтегі тәжірибесі

 

Ұйымдағы волонтерлер саны

 

 

Түсініктемелер:

 

 

Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларына 5 қосымша

 

                 Үлгі

 

Волонтерлерді үйлестірушінің сауалнамасы

 

Волонтерлерді үйлестіруші туралы ақпарат

Тегі

 

Аты

 

Әкесінің аты (болған жағдайда)

 

Волонтерлік қызметтегі жұмыс тәжірибесі

 

Волонтерлерді үйлестіруші роліндегі жұмыс тәжірибесі

 

Байланыстың қай түрі Сізге ыңғайлы:

Телефон

Email

 

 

Қазіргі уақытта Сіздің қатысып жүрген негізгі қызмет түрлерін көрсетіңіз:

1) әлеуметтік қызмет көрсетуге, әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға, өмірлік қиын жағдайға қалған балаларға көмек көрсетуге қатысу

 

2) қарттар, мүгедектер, мүгедектер үшін қол жетімді ортаны ұйымдастыру, әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмыстарға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды интеграциялау мен тәрбиелеуге ықпал ету 

 

3) төтенше апаттардан, экологиялық, техногенді және өзге де шиеленістерден зардап шеккен, әлеуметтік шиеленістер, бақытсыз жағдайлардан, құқық бұзушылық құрбандары, босқындар мен амалсыз қоныс аударушылар, сондай-ақ сырттан көмек пен қолдауға мәжбүр азаматтардың өзге түрлері мен топтарына көмек көрсетуге қатысу

 

4) орталық және жергілікті атқарушы органдарына төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жоюға ықпал етуге қатысу

 

5) хабарсыз кеткен адамдарды, Ұлы Отан соғысымен оқшау соғыстарға қатысушылардың сүйектерін іздеуге қатысу

 

6)қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысу

 

7) тарихи және мәдени мұраны сақтау, тарихи-мәдени мекендеу ортасын қалпына келтірумен сақтау үшін мүмкіндіктер жасауға қатысу

 

8) білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамытуға, білімді танымал етуге, инновацияларды дамытуға қатысу

 

9) денешынықтыруды, спортпен белсенді демалысты дамытумен танымал етуге, өңірлік, өңіраралық, республикалық қоғамдық және халықаралық денешынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу

 

10) саламаты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу

 

11) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқада ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастырумен өткізуге қатысу, археологиялық қазбаларға, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, конгресс-көрме қызметіне қатысу

 

12) халықтар арасындағы татулықты, достықпен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, этносаралық, діни шиеленістерді болғызбауға қатысу

 

13) волонтерлік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзгеде түрлері болып табылады

 

Түсініктемелер:

 

 

 

 

Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік  қағидаларына 6 қосымша

 

                   Үлгі

 

Волонтерлік қызметті ұйымдастырушының сауалнамасы 

 

Ұйымдастырушы туралы ақпарат (жеке тұлғаларға)

Тегі, аты, әкесінің аты

(болған жағдайда)

 

Байланысақпараты

 

Ұйымдастырушы туралы ақпарат (заңдық тұлғаларға)

Ұйымның атауы

 

Ұйымның негізгі қызмет түрлері

 

Web-сайт (бар болған жағдайда)

 

Байланысақпараты

 

Ерте іске асырылған бағдарламалардың (жобалардың), акциялардың  тәжірибесі туралы қысқаша сипаттау беріңіз (егер болса)

 

Түсініктемелер:

 

 

 

Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларына 7 қосымша

 

                  Үлгі

Волонтерлікбағдарлама (жоба) 

 

Бағдарламаның (жобаның) атауы

 

Бағдарламаны (жоба) ұйымдастырушы

 

Бағдарлама (жоба) мақсаты

 

Негізгі міндеттер

 

Бағдарламаны (жобаны) іске асыру бойынша әдістер

 

Күтілетін нәтижелер

 

Бағдарламаның (жобаның) мақсатты тобы

 

Бағдарламаға (жобаға) қатысушылар саны

 

Бағдарламаны (жобаны) іске асырумерзімі

 

Волонтерге, волонтерлік топқа, үйлестірушіге ұсынылатын жұмысбастылық

 

Түсініктемелер:

 

 

 

Волонтерлік қызметті  есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларына 8 қосымша

 

                  Үлгі

Волонтерлік акция

 

Акцияның атауы

 

Акцияныұйымдастырушы

 

Акция мақсаты

 

Негізгі міндеттер

 

Күтілетін нәтижелер

 

Акцияның мақсатты тобы

 

Қатысушы волонтерлер саны

 

Акцияны өткізу күні және уақыты

 

Акцияны өткізу орны

 

Акцияны ұйымдастырушы тарапынан акцияны өткізуге қойылатын талаптар

 

Ұзақтылығы/ кезеңділігі

 

Волонтерге, волонтерлік топқа, үйлестірушіге ұсынылатын жұмысбастылық