Іздестіру формасы

«Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 407 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Дата размещения: 28.08.2017 - 1:25
Дата последнего обновления: 28.08.2017 - 1:25

«Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 407 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2015 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының  2-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 407 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 12664 болып тіркелген, «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
Қазақстан Республикасының
Дін істері және азаматтық
             қоғам министрі                                                                   Н. Ермекбаев
 
 
 
 
 «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы «___» __________
 
 
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы «   »                
№ ...... бұйрығына қосымша
 
Қазақстан Республикасы    Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 407 бұйрығымен бекітілген
 
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидалары
 
 
1-тарау. Жалпы ережелер
 
1. Осы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) үкіметтік емес ұйымдар үшін сыйлықақы беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мүдделер қақтығысы – конкурстық комиссия мүшелерінің мүдделілігі объективті шешім қабылдауға ықпал етуі мүмкін жағдай;
2) үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы (бұдан әрі – сыйлықақы) – республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы;
3) сыйлықақыға үміткер – уәкілетті органға сыйлықаны алу үшін өтінім берген үкіметтік емес ұйым.
3. Сыйлықақы Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы                1-тармағының 1) тармақшасымен көзделген бағыттар бойынша өз қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға жыл сайын конкурстық негізде беріледі.
4. Сыйлықақыны үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы  уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Заңның 5-бабымен көзделген бағыттарға сәйкес келетін номинациялар бойынша береді.
5. Сыйлықаны алуға үкіметтік емес ұйымдарды ұсынуды үкіметтік емес ұйымның өзі, басқа үкіметтік ұйымдар және мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
6. Сыйлықақыны алуға сол бір ғана үкіметтік емес ұйымдарды қатарынан үш жыл ішінде қайта ұсынуға жол берілмейді. Сол бір ғана үкіметтік емес ұйым сыйлықақыны алуға бір номинациядан артық номинация бойынша ұсыныла алмайды.
7. Бір номинация бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлінеді.
8. Бір номинация бойынша сыйлықақының ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерін құрайды.
9. Сыйлықақыны алу үшін конкурс ұйымдастыру осы мақсаттарға  тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен  және оның шегінде жүзеге асырылады.
 
2-тарау. Сыйлықақыларды беру тәртібі
 
10.  Сыйлықақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну жөніндегі өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру жыл сайын 1 шілдеден кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады. Хабарландыру конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізбесін, сондай-ақ өтінімдерді қабылдау аяқталған күнді қамтиды. 
11. Сыйлықақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну жөніндегі өтінімдер үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік органдармен уәкілетті органға қағаз және электронды тасығыштарда (СD-дискілерде не USB-флеш-жинақтағыштарында PDF-форматта) жыл сайын 1 қыркүйекке дейін Астана қаласының уақыты бойынша 24.00-ге дейін жолданады.
12. Сыйлықақыны алу үшін өтінімдерді ұсынуға арналған міндетті тізбе мыналарды:
1) ұсынымды (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес  нысан бойынша бірінші басшы немесе оның міндетін атқаратын адам қол қойған, үкіметтік емес ұйым қызметінің өзектілігі мен маңыздылығын сипаттайтын үкіметтік емес ұйымның, мемлекеттік органның ресми бланкіндегі, сондай-ақ                            А4 форматындағы екі парақтан көп емес құрылтай құжаттарының көшірмелері);
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес  нысан бойынша үкіметтік емес ұйымның қызметі, республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешудегі үлесі туралы сипаттаманы                                    (А4 форматындағы екі парақтан көп емес);
3) үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (басқа үкіметтік емес ұйымдар) өкілдерінің ұсынымдарын (екіден кем емес) қамтиды.
13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган ұсынып отырған ұйымды құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы ресми түрде хабардар етеді.
14. Өтінімдерді қарау үшін уәкілетті орган конкурстық комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.
15. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Қағидаларды  басшылыққа алады.
16. Комиссия құрамы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі. Комиссия мүшелерінің жалпы саны жетіден кем емес адамды құрайды. Комиссия мүшелері комиссия қызметіне алмастыру құқығынсыз қатысады.
17. Комиссия құрамы сыйлықақыны берудің  тиісті бағыттары бойынша уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен, қоғам қайраткерлерінен, сарапшылардан құрылады, ол:
1) комиссия төрағасынан;
2) комиссия төрағасының орынбасарынан;
3) комиссия хатшысынан;
4) комиссия мүшелерінен тұрады.
18. Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган комиссия мүшелеріне сыйлықақыға үміткерлер тізімін және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы өтініш нысанын жолдайды.
19. Комиссия мүшесі мен сыйлықақыға үміткер арасында мүдделер қақтығысы анықталған жағдайда уәкілетті орган комиссия мүшесі құрамынан шығару туралы шешім қабылдайды.
20. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
21. Комиссия хатшысы комиссия отырыстарын өткізуді, отырыс хаттамасын құрастыруды қамтамасыз етеді. Хатшының дауыс беру құқығы жоқ.
22. Уәкілетті орган өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен кейін он жұмыс  күні ішінде оларды комиссияның қарауына ұсынады, сондай-ақ үміткерлер тізбесін уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырады.
23. Сыйлықақыны алуға өтінімдерді қарау үш кезеңде өтеді:
1) бірінші кезең – уәкілетті органнан өтінімдерді алған күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күннен аспайтын мерзімде комиссияның өтінімдерді қарауы және үміткерлер бойынша уәкілетті органға ұсыныстарды енгізуі;
2) екінші кезең – уәкілетті органнан комиссияның ұсыныстары түскен күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күннен аспайтын мерзімде Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) отырысында қарауға үміткерлер бойынша ұсыныстар мен комиссия хаттамасын уәкілетті органның ұсынуы;
3) үшінші кезең – Үйлестіру кеңесінің ұсынымдарын алған күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күннен аспайтын мерзімде уәкілетті органның сыйлықақыны беру туралы шешімді қабылдауы.
24. Комиссия сыйлықаны алуға өтінімдерді мынадай:
1) саланы, өңірді, республиканы дамытуға қосқан әлеуметтік үлесі;
2) ұйымның тәжірибесі;
3) қоғамдық тұрғыда танылуы;
4) инновациялары;
5) сыйлықақыға үміткердің Заңның 41-бабының 5-тармақшасымен көзделген Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында болуы өлшемшарттары бойынша қарастырады.
25. Сыйлықаны алуға өтінімдерді қарау комиссия отырыстарында көпшiлiктің даусымен ашық дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген ұсыныс қабылданды деп саналады. Отырыс хаттамамен ресімделеді және комиссия отырысына оның үштен екіден астам құрамы қатысқан болса, ол заңды болып саналады. Үміткерлер бойынша комиссия ұсыныстары хаттамамен ресімделеді және қатысып отырған комиссия мүшелері қол қояды.    
26. Уәкілетті орган Үйлестіру кеңесінің отырысына сыйлықаны алуға үміткерлер бойынша ұсыныстарды және комиссия хаттамасын ұсынымдар әзірлеу үшін уәкілетті органнан ұсыныстар түскен күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күннен аспайтын мерзімде ұсынады.
27. Сыйлықақыға үміткермен мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда Үйлестіру кеңесінің мүшесі дауыс беруге қатыса алмайды.
28. Уәкілетті орган комиссияның ұсыныстары мен Үйлестіру кеңесінің ұсынымдарына сәйкес сыйлықақыны беру туралы шешім қабылдайды. Сыйлықақыны беру туралы уәкілетті органның бұйрығы уәкілетті органның интернет-ресурсында жыл сайын 1 желтоқсаннан кешіктірмей жарияланады.
29. Уәкілетті орган сыйлықақы лауреаттарына осы Қағидаларға                  4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дипломды табыстайды және сыйлықақыны үкіметтік емес ұйымның сиапттамасында көрсетілген банк шотына тиісті жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей аударады.
 
 
 
 

 
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына 1-қосымша
 
 
Нысан
 
Ұсыным
 
 __________________________________________________________________
үкіметтік емес ұйым, мемлекеттік орган (атауы)
 
 _________________________________________________________________,
сыйлықақыны алуға ұсынылған үкіметтік емес ұйым атауы
 
__________________________________________________________________
басшының Т.А.Ә. (болған жағдайда) және лауазымы
 
 
_______________________________________________________номинациясы номинация атауын көрсету
 
бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру үшін  ______ жылы
 
 
1. Жалпы мәліметтер
 
Үкіметтік ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны және толық атауы    
__________________________________________________________________
құрылтай құжаттарына сәйкес
 
Үкіметтік емес ұйымның мәні мен мақсаттары
__________________________________________________________________
Жарғыға сәйкес
 
__________________________________________________________________
 
Жұмыс тәжірибесі__________________________________________________,
                                      (ұйымның қызметін сипаттау)
_________________________________________________________________
 
Оның ішінде __________________________________________________________________
 
______________________________________номинациясына сәйкес саладағы
 
__________________________________________________________________
 
 
 
Мақсатты аудитория/ атаулы топ _____________________________________
 
2. Кәсіби қызметіндегі негізгі жетістіктері
 
Қызметінің өзектілігі мен маңыздылығы________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
 
 
Наградаларының болуы, марапатталған жылы __________________________
__________________________________________________________________
 
 
Соңғы 5 жылдағы басқа да кәсіби жетістіктері (кәсіби нәтижелерін растайтын құжаттардың көшірмелері және қоғамдық тұрғыдан танылуы: грамоталар, дипломдар, алғыс хаттар және өзгелері)______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
 
 
3. Қызметі туралы қосымша мәліметтер
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
 
_______________           __________________        ________________________
лауазымы                                    (қолы)                                   Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)                                                                            
 
МО
 
Ұсыныммен таныстым_____________20 __   жылғы.                
 
_______________             ________________        _________________________
лауазымы                                    (қолы)                                   Т.А.Ә. (бар болған жағдайда
 
 
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына 2-қосымша
 
 
Нысан
 
 
Үкіметтік емес ұйымның қызметі, республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешудегі
үлесі туралы сипаттама
 
__________________________________________________________________
(ұйымның толық атауы)
 
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Үкіметтік емес ұйым банк шотының деректемелері (банк атауы, банк БСК, есепшоты, ЖБК, КБе)
 
Ұйымның орналасқан мекенжайы және байланыс деректері
 
Ұйымның штат саны
 
«Республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешудегі
үлесі» тақырыбында қысқаша эссе
 
Қызметіндегі инновациялар (болған жағдайда)
 
Үміткердің Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында болуы
 
 
_______________             ________________        _________________________
лауазымы                                    (қолы)                                   Т.А.Ә. (бар болған жағдайда
 
МО
 
 
 
 
 
 
 
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына 3-қосымша
 
 
Нысан
 
 
Конкурстық комиссия мүшесінің үкіметтік емес ұйымдарға
 арналған сыйлықақыларға үміткерлермен мүдделер
 қақтығысының болуы не болмауы туралы өтініш
 
 
Мен, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) __________________________________,
 
1)                Үкіметтік емес ұйымға арналған сыйлықақыға үміткермен мүдделер қақтығысының болмауы туралы және конкурстық комиссияда өз қызметімді жүзеге асыру кезінде шынайылық пен объективтілік қағидаттарын бұлжытпай орындауға;
2)                сыйлықақыға үміткермен мүдделер қақтығысының болуы туралы хабарлаймын.
(қажеттісін сызу)
 
 
Менің сыйлықақыға үміткер үкіметтік емес ұйымым (толық немесе ішінара, немесе құрылтайшы ретінде) бар/жоқ (егер болса, онда атауын көрсету)
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Мен басқару органдарына (тізіп көрсету) кіремін / кірмеймін, сыйлықақыға үміткер үкіметтік емес ұйымның басшысы болып табыламын (егер болса, онда атауын көрсету)
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Мен соңғы үш жыл ішінде көрсетілген қызметтер үшін төлем немесе сыйлықақыға үміткер үкіметтік емес ұйымнан тікелей қаржылық қолдау алдым / алмадым (егер қолдау болса, онда нақты қандай қызметтер көрсетілгендігін көрсету)
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Мен соңғы үш жыл ішінде сыйлықақыға үміткер үкіметтік емес ұйымға қызметтер көрсеттім / көрсеткен жоқпын (егер қызмет көрсетсе, онда нақты қандай қызметтер және қандай ұйымдарға көрсетілгендігін көрсету)
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Сыйлықақыға үміткер үкіметтік емес ұйым қызметкерлерімен жақын туыстық қатынастамын / қатынаста емеспін (егер болса, онда нақты қандай екендігін көрсету
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
 
Менің басқа әлеуетті мүдделер қақтығысым бар / жоқ, мүдделер қақтығысына қатысты саясатты түсінемін.
 
Мен осы өтінішті толтыру кезінде ақпарттың растығына толық жауапты боламын.
 
Күні ____________                                                    Қолы __________
 
 
 
 
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына 4-қосымша
 
Нысан
 

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН СЫЙЛЫҚАҚЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ
ДИПЛОМ
_________________________________________________________ (үкіметтік емес ұйымның атауы)
_______________________________________________________
 
_________________________________________________________
__________________________________номинациясы бойынша
 
Қазақстан Республикасы
Дін істері және азаматтық
қоғам министрі                  ______________       ________________                                                                            қолы                            (Тегі, аты)
 
МО
 
Астана, 20__жыл