Іздестіру формасы

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

Дата размещения: 28.08.2017 - 1:28
Дата последнего обновления: 28.08.2017 - 1:28

«Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 407 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

р/н

Құрылымдық элементі

 

Қолданыстағы редакция

 

Ұсынылып отырған редакциясы

 

Негіздемесі

1

1-тараудың 
2-тармағы

2. Үкіметтік емес ұйымдар үшін сыйлықақы (бұдан әрі – сыйлықақы) Қазақстан Республикасында тіркелген және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 5-бабы 1-тармағының 1) тармақшасымен (бұдан әрі – Заң) көзделген бағыттар бойынша өз қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – үкіметтік емес ұйымдар) беріледі.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) мүдделер қақтығысы – конкурстық комиссия мүшелерінің мүдделілігі объективті шешім қабылдауға ықпал етуі мүмкін жағдай;

2) үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы (бұдан әрі – сыйлықақы) – республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы;

3) сыйлықақыға үміткер – уәкілетті органға сыйлықаны алу үшін өтінім берген үкіметтік емес ұйым. 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 7-тармағына сәйкес әртүрлі оқуды болдырмау мақсатында Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдарды бекіту ұсынылады.

2

1 тараудың 
3 тармағы

3. Сыйлықақы республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге айтарлықтай үлес қосқан үкіметтік емес ұйымдарға беріледі.

3. Сыйлықақы Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 
2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 
5-бабы                1-
тармағының 
1) тармақшасымен көзделген бағыттар бойынша өз қызметін жүзеге асыратын
үкіметтік емес ұйымдарға жыл сайын конкурстық негізде беріледі.

 

Сыйлықақылардың жиілігін нақтылау мақсатында

 

3

1 тараудың 
4 тармағы

4. Сыйлықақы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласында  уәкілетті органмен(бұдан әрі – уәкілетті орган) беріледі.

4. Сыйлықақыны үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы  уәкілетті орган(бұдан әрі – уәкілетті орган) Заңның 5-бабымен көзделген бағыттарға сәйкес келетін номинациялар бойынша береді.

 

Редакциясын нақтылау мақсатында 4 және 5 тармақтар біріктірілді

4

1 тараудың 
5 тармағы

5. Бір немесе бірнеше номинациядағы сыйлықақы Заңмен көзделген әрбір бағыт бойынша анықталады.

5. Сыйлықаны алуға үкіметтік емес ұйымдарды ұсынуды үкіметтік емес ұйымның өзі, басқа үкіметтік ұйымдар және мемлекеттік органдар жүзеге асырады. 

 

Сыйлықақы алу үшін кандидаттарды ұсыну рәсімдерін нақтылау

 

 

5

1 тараудың 
9 тармағы

9. Уәкілетті орган сыйлықақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну жөнінде сұранымдарды (бұдан әрі – сұраным) қабылдау туралы хабарландыруды жыл сайын 1 шілдеден кеш емес республикалық баспасөзде орналастырады.

9. Сыйлықақыны алу үшін конкурс ұйымдастыру осы мақсаттарға  тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен  және оның шегінде жүзеге асырылады.

 

Сыйлықақы алу үшін конкурстың ұйымдастырылуын қаржылық қолдауды нақтылау мақсатында

 

6

2 тараудың 
10 тармағы

10. Сұранымдар үкіметтік емес ұйымдармен, мемлекеттік органдармен уәкілетті органға жыл сайын 1 қыркүйекке дейін жолданады.

10.  Сыйлықақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну жөніндегі өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру жыл сайын 1 шілдеден кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады. Хабарландыру конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізбесін, сондай-ақ өтінімдерді қабылдау аяқталған күнді қамтиды.  

 

Өтінімдер қабылдау туралы хабарландыру мазмұнын нақтылау мақсатында

 

7

2 тараудың 
11 тармағы

11. Сұранымға келесі құжаттар ұсынылады:
      1) бірінші басшы немесе оның міндетін атқаратын тұлға қол қойған үкіметтік емес ұйымның, мемлекеттік органның ресми бланкінде
(А4 форматындағы екі парақтан көп емес) ұсыныс;
      2) үкіметтік емес ұйымның қызметі, жұмыс тәжірибесі, аймақта және/немесе мемлекетте азаматтық қоғамның дамуына әлеуметтік үлесі туралы анықтама;
      3) үкіметтік емес ұйым қызметінің соңғы жыл кезеңіндегі жетістіктері туралы қысқаша мінездеме;
      4) үкіметтік емес ұйым қызметі туралы қоғам (басқа үкіметтік емес ұйым) өкілдерінің ұсынымдары (екі ұсынымнан кем емес).

11. Сыйлықақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну жөніндегі өтінімдер үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік органдармен уәкілетті органға қағаз және электронды тасығыштарда (СD-дискілерде не USB-флеш-жинақтағыштарында PDF-форматта) жыл сайын 1 қыркүйекке дейін Астана қаласының уақыты бойынша 24.00-ге дейін жолданады.

 

Заңға сәйкес құжаттарды ұсынудың форматы мен мерзімдерін нақтылау мақсатында

 

8

2-тараудың 
12-тармағы

      12. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды 11 желтоқсаннан кешіктірмей қарастырады.

12. Сыйлықақыны алу үшін өтінімдерді ұсынуға арналған міндетті тізбе мыналарды:

1) ұсынымды (осы Қағидаларға 
1-қосымшаға сәйкес  нысан бойынша бірінші басшы немесе оның міндетін атқаратын адам қол қойған, үкіметтік емес ұйым қызметінің өзектілігі мен маңыздылығын сипаттайтын үкіметтік емес ұйымның, мемлекеттік органның ресми бланкіндегі, сондай-ақ                            А4 форматындағы екі парақтан көп емес құрылтай құжаттарының көшірмелері);

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес  нысан бойынша үкіметтік емес ұйымның қызметі, республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешудегі үлесі туралы сипаттаманы (А4 форматындағы екі парақтан көп емес);

3) үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (басқа үкіметтік емес ұйымдар) өкілдерінің ұсынымдарын (екіден кем емес) қамтиды.

 

Сыйлықақыға  ұсыну үшін құжаттар тізбесін нақтылау мақсатында. Сонымен қатар құжаттар ұсынуды оңайлату үшін құжаттар тізбесіне ақпарат ұсыну нысандары әзірленді және заңға сәйкестендірілді

 

 

 

 

 

 

9

2 тараудың 
13 тармағы

13. Құжаттарды қарастыру үшін уәкілетті орган конкурстық комиссияны құрайды. Конкурстық комиссияның құрамына уәкілетті органның, мемлекеттік органдардың өкілдері мен сыйлықақыны беру бағыттарына сәйкес мамандар, сарапшылар кіреді.

13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган ұсынып отырған ұйымды құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы ресми түрде хабардар етеді.

 

Бұл тармақ сыйлықақыға ұсынуға құжаттардың  жиынтығын толық бергмеген кезде даулы мәселелерді болдырмау мақсатында енгізілген.

 

 

10

2 тараудың 
14 тармағы

14. Уәкілетті орган сұранымдарды қабылдау мерзімі өткен күннен кейін он жұмыс күннің ішінде конкурстық комиссияға құжаттарды қарау үшін жолдайды.

14. Өтінімдерді қарау үшін уәкілетті орган конкурстық комиссия (бұдан әрі – комиссия)құрады.

 

14-тармақ бөлінеді. Конкурстық комиссия құрамын қалыптастыру төменде сипатталған.

 

 

11

2 тараудың 
15 тармағы

15. Конкурстық комиссия сұранымдарды қарау нәтижесінде кандидатураларды іріктейді және номинациялар бойынша сыйлықақыларды беру үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстарды уәкілетті органға енгізеді.

15. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Қағидаларды  басшылыққа алады.

 

Мақсаты конкурстық комиссияның қызметін құқықтық реттеу.

 

 

12

2 тараудың 
16 тармағы

16. Конкурстық комиссияның ұсыныстары хаттамамен рәсімделеді және оған конкурстық комиссия мүшелерінің қолдары қойылады.

16. Комиссия құрамы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі. Комиссия мүшелерінің жалпы саны жетіден кем емес адамды құрайды. Комиссия мүшелері комиссия қызметіне алмастыру құқығынсыз қатысады.

 

Құқықтық реттеу мақсатында және конкурс комиссиясының мүшелерінің санын анықтау үшін.

 

 

13

2 тараудың 
17 тармағы

17. Конкурстық комиссия қарастырғаннан кейін уәкілетті орган құжаттарды және конкурстық комиссияның хаттамасын Уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесіне(бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) енгізеді.

17. Комиссия құрамы сыйлықақыны берудің  тиісті бағыттары бойынша уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен, қоғам қайраткерлерінен, сарапшылардан құрылады, ол:

1) комиссия төрағасынан;

2) комиссия төрағасының орынбасарынан;

3) комиссия хатшысынан;

4) комиссия мүшелерінен тұрады.

 

Конкурстық комиссияның сапалық құрамы мен мүшелерін айқындау үшін.

 

 

14

2 тараудың 
18 тармағы

18. Үйлестіру кеңесі құжаттарды, конкурстық комиссияның хаттамасын қарастырады және номинациялар бойынша сыйлықақыларды беру үшін ұсынылған кандидатуралар бойынша негізделген ұсынымдармен шешімді уәкілетті органға енгізеді.

18. Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган комиссия мүшелеріне сыйлықақыға үміткерлер тізімін және осы Қағидаларға 
3-қосымшаға сәйкес мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы өтініш нысанын жолдайды.

 

Конкурстың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында

 

 

15

2 тараудың 
19 тармағы

19. Үйлестіру кеңесінің шешімі хаттамамен рәсімделеді және оған Үйлестіру кеңесі мүшелерінің қолдары қойылады.

19. Комиссия мүшесі мен сыйлықақыға үміткер арасында мүдделер қақтығысы анықталған жағдайда уәкілетті орган комиссия мүшесі құрамынан шығару туралы шешім қабылдайды.

 

Конкурс комиссиясының мүшелері мен сыйлықақы ізденушілері арасындағы мүдделер қақтығысын болдырмау үшін.

 

 

16

2 тараудың 
20 тармағы

20. Уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақыларды беру туралы шешім қабылдайды және қабылданған шешім туралы мерзімді баспа басылымдарда жариялайды.

20. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.

Комиссиясының төрағасы құзыретін анықтау мақсатында.

 

 

17

2 тараудың 
21 тармағы

21. Қабылданған шешімге сәйкес уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымдарға осы қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша дипломды табыстайды және сыйлықақыны үкіметтік емес ұйымның ұсынған сұранымында көрсетілген банк шотына аударады.

21. Комиссия хатшысы комиссия отырыстарын өткізуді, отырыс хаттамасын құрастыруды қамтамасыз етеді. Хатшының дауыс беру құқығы жоқ.

 

Конкурстық комиссияның хатшысы қызметін реттеу мақсатында.

 

18

2 тараудың 
22 тармағы

«ауптастады»

22. Уәкілетті орган өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен кейін он жұмыс  күні ішінде оларды комиссияның қарауына ұсынады, сондай-ақ үміткерлер тізбесін уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырады.

 

Рәсімдердің мерзімі мен ашықтығын нақтылау мақсатында.

 

 

19

2 тараудың 
23 тармағы

«ауптастады»

23. Сыйлықақыны алуға өтінімдерді қарау үш кезеңде өтеді:

1) бірінші кезең – уәкілетті органнан өтінімдерді алған күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күннен аспайтын мерзімде комиссияның өтінімдерді қарауы және үміткерлер бойынша уәкілетті органға ұсыныстарды енгізуі;

2) екінші кезең – уәкілетті органнан комиссияның ұсыныстары түскен күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күннен аспайтын мерзімде Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) отырысында қарауға үміткерлер бойынша ұсыныстар мен комиссия хаттамасын уәкілетті органның ұсынуы;

3) үшінші кезең – Үйлестіру кеңесінің ұсынымдарын алған күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күннен аспайтын мерзімде уәкілетті органның сыйлықақыны беру туралы шешімді қабылдауы.

 

Ізденушілерді іріктеу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін құжаттарды жан-жақты және сапалы қараұға және ізденушілерге қатысты әділ шешім қабылдауға мүмкіндік беретін қадамдар анықталды.

 

 

20

2 тараудың 
24 тармағы

«ауптастады»

24. Комиссия сыйлықаны алуға өтінімдерді мынадай:

1) саланы, өңірді, республиканы дамытуға қосқан әлеуметтік үлесі;

2) ұйымның тәжірибесі;

3) қоғамдық тұрғыда танылуы;

4) инновациялары;

5) сыйлықақыға үміткердің Заңның 41-бабының 5-тармақшасымен көзделген Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында болуы өлшемшарттары бойынша қарастырады.

 

Ізденушілердің ұсынған сұранымдарды сапалы бағалау үшін бағалау өлшемдерін әзірленді.

 

 

21

2 тараудың 
25 тармағы

«ауптастады»

25. Сыйлықаны алуға өтінімдерді қарау комиссия отырыстарында көпшiлiктің даусымен ашық дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген ұсыныс қабылданды деп саналады. Отырыс хаттамамен ресімделеді және комиссия отырысына оның үштен екіден астам құрамы қатысқан болса, ол заңды болып саналады. Үміткерлер бойынша комиссия ұсыныстары хаттамамен ресімделеді және қатысып отырған комиссия мүшелері қол қояды.   

 

Конкурстық комиссиясының қызметін құқықтық реттеу үшін.

 

 

 

22

2 тараудың 
26 тармағы

«ауптастады»

26. Уәкілетті орган Үйлестіру кеңесінің отырысына сыйлықаны алуға үміткерлер бойынша ұсыныстарды және комиссия хаттамасын ұсынымдар әзірлеу үшін уәкілетті органнан ұсыныстар түскен күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күннен аспайтын мерзімде ұсынады. 

 

Үйлестіру кеңесінің сапалықызыметін  қамтамасыз ету үшін.

 

 

23

2 тараудың 
27 тармағы

«ауптастады»

27. Сыйлықақыға үміткермен мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда Үйлестіру кеңесінің мүшесі дауыс беруге қатыса алмайды.

 

Үйлестіру кеңесінің мүшелерінің сыйлықақы іздеушілерімен мүдделер қақтығысын болдырмау үшін.

24

2 тараудың 
28 тармағы

«ауптастады»

28. Уәкілетті орган комиссияның ұсыныстары мен Үйлестіру кеңесінің ұсынымдарына сәйкес сыйлықақыны беру туралы шешім қабылдайды. Сыйлықақыны беру туралы уәкілетті органның бұйрығы уәкілетті органның интернет-ресурсында жыл сайын 1 желтоқсаннан кешіктірмей жарияланады.

 

Шешім қабылдау тәртібін түсіндіру және оны жұртшылыққа жариялау мақсатында.

25

2 тараудың 
29 тармағы

         «ауптастады»

29. Уәкілетті орган сыйлықақы лауреаттарына осы Қағидаларға                  4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дипломды табыстайды және сыйлықақыны үкіметтік емес ұйымның сиапттамасында көрсетілген банк шотына тиісті жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей аударады.

 

Сыйлықақыны аудару рәсімі мен шарттарын айқындайды.