Іздестіру формасы

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік органның қызметі туралы жылдық есеп

Дата размещения: 29.08.2017 - 18:41
Дата последнего обновления: 06.02.2018 - 18:22

Дін саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері

жөніндегі 2016 жылғы жұмыс есебі

 

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1) «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу»;

2)«Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу»;

3) «Дінтану сараптамасын жүргізу».

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет стандарты) бекітілген «Діни сараптаманы жүргізу» мемлекеттік қызмет стандарты бойынша Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) «Діни сараптама жүргізу» бойынша қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет стандартының 6-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі сараптама қорытындысы туралы хат болып табылады.

Осылайша, 2016 жылы барлығы 681 қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Атап айтқанда, қаңтар - 73, ақпан - 88, наурыз - 115, сәуір - 47, мамыр - 64, маусым - 137, шілде - 20, тамыз - 18, қыркүйек - 23, қазан - 13, қараша - 61, желтоқсан - 22.

«Діни сараптама жүргізу» мемлекеттік қызметі жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. Заңды тұлғалар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге, діни бірлестіктер, баспаханалар және баспалар жиі жүгінеді.

Сонымен бірге, 2016 жылы 2 мемлекеттік қызмет бойынша («Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу және шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу) бойынша шағымдар келіп түскен жоқ.

2016 жылға «Діни сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2016 жылға бенефициарлардан шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.

Бұдан басқа, 2016 жылғы наурызда мемлекеттік қызмет көрсету бойынша біліктілігін арттыру мақсатында Министрліктің 3 қызметкері біліктіліктілігін арттыру курстарынан өтті.