Іздестіру формасы

Дін саласы

Дата размещения: 28.08.2017
Дата последнего обновления: 01.02.2018

Қазақстандағы діни ахуал тұрақты.

2017 жылғы 4-тоқсандағы көрсеткіш бойынша елімізде 18 конфессияны құрайтын, 3687 діни субъект тіркелген: ислам – 2578, православ – 337, католиктік – 85, протестантық – 575, иудейлік – 7, Ехоба куәгерлері – 60, Жаңаапосталдық шіркеу – 26, Кришна қоғамдық санасы – 8, Бахаилар – 6, Мормондар – 2, Муниттер – 1.

Республикада қазіргі таңда 608 миссионер қызмет етуде, олардың 491 шетел азаматтары және 117 Қазақстан азаматы.

2017 жылдың 4-тоқсаны бойынша жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижесінде, республика тұрғындарының 84,9 % дінге сенушілер, 14,5 % дінге сенбейтіндер мен агностиктер құрайды.

 Сенушілердің 16,7% өздерін тұрақты сенушілерге жатқызады, ал шамамен 68,1% - өздерін қалыпты сенушілерге, қалған 0,1%- Құдайға сенеді, бірақ шіркеуге емес.

Тұрғындардың ұстанатын негізгі діндері христиан және ислам діндері.

Жүргізілген түсіндіру жұмыстарының арқасында дін саласындағы құқық бұзушылық көрсеткішінің төмендегенін көруге болады. Әкімшілік құқық бұзушылық 2013 жылы – 282, 2014 жылы – 153, 2015 жылы – 120, 2016 жылы – 119 дерек анықталды. 2017 жылы 311 дерек анықталды, олардың көпшілігі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 490-бабымен байланысты.

Қазақстан Республикасындағы діни

(2017 жылдың 4-тоқсаны бойынша)

 

Конфессия атаулары

Діни субъект саны

 

Ислам

2578

 

Православие

337

 

Елуіншілер

219

 

Баптистер

175

 

Пресвитериандар

108

 

Католицизм

85

 

Ехоба куәгерлері

60

 

Адвентисты Седьмого дня

42

 

Жетінші күн адвентистері

26

 

Лютерандар

14

 

Методистер

13

 

Кришнаиттер

8

 

Иудаизм

7

 

Бахаилар

6

 

Меннониттер

4

 

Буддизм

2

 

Мормондар

2

 

Муниттер

1

 

БАРЛЫҒЫ

3687