Іздестіру формасы

Дін саласы

Дата размещения: 28.08.2017 - 10:09
Дата последнего обновления: 17.04.2018 - 18:11

Қазақстандағы діни ахуал тұрақты.

2018 жылғы І тоқсанның нәтижесі бойынша елімізде 18 конфессияға тиесілі 3715 діни субъектілер тіркелген: (2592 – исламдық, 337 – православтық, 85 – католиктік, 589 – протестанттық, 60 – ехоба куәгерлері, 26 – жаңаапостолдық шіркеуі, 8 – «Кришна қоғамдық  санасы», 7 – иудейлік, 6 – бахай, 2 – буддистік, 2 – мормондар, 1 – муниттер).

Елімізде 3483 ғибадат үйі, оның ішінде 2591 – мешіт, 298 – православтық храм, 108 – католиктік шіркеу, 398 – протестанттық храм, 53 – ехоба куәгерлерінің құлшылық үйі, 25 – жаңаапостолдық шіркеуінің құлшылық үйі, 5 – синагог, 2 – «Кришна қоғамдық санасы» ДБ құлшылық үйі, 2 – Бахаи ДБ құлшылық үйі, 1 – буддалық храмды құрайды.

Ресми түрде 636 миссионер тіркелген, оның ішінде шетел азаматы – 487, және Қазақстан азаматы – 149.

2017 жылғы IV тоқсанында өткізілген социологиялық зерттеулер нәтижесінің басым көпшілігі көрсеткендей 84,9%-ы өздерін дінге сенуші, ал 14,5%-ы дінге сенбеуші және агностиктер екенін көрсетеді (ескерту: 0,6%- ы жауап беруден бас тартты).

Дінге сенушілердің тек қана 16,7%-ы өздерін діндар (барлық діни жоралғыларды орындаушы) деп санаса, ал 68,1%-ға жуығы сенімді түрде өздерін ұстамды сенушілер (дінге сенеді, бірақ діни жоралғыларды орындамайтындар) қатарына жатқызатындығын, ал 0,1%-ы шіркеуге емес, құдайға сенетінін айтады.

Азаматтардың өзіндік діни тануының негізгі түрлері ислам және христиандықпен байланысты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (бұдан әрі – ҚМДБ) аясында 2591 мешіт жұмыс істейді.

Жетекші ислам ұйымының әлеуетін сапалы ұйымдастырушылық-идеологиялық өзгертуді болжайтын 2020 жылға дейінгі ҚМДБ дамыту тұжырымдамасы кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда.

Отандық діни кадрлардың, имамдар мен теологтардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Нұр-Мүбарак» университеті жанында діни экстремизмнің алдын алу саласында теологтарды қайта даярлау жөніндегі институт құрылды.

Қазақстандағы Орыс православ шіркеуі – Қазақстандағы екінші діни конфессия. Православиелік ғибадат үйлерінің саны – 298.

Қазақстанда Рим-католик шіркеуі жұмыс істейді, оның республика аумағында 108 ғибадат үйі бар.

Дін саласында мемлекеттік саясатты қолдауға келетін болсақ, халықтың 88,4%-нан астамы дін саласындағы мемлекеттік саясатты қолдайтынын және дін саласындағы деструктивті ағымдарға қарсы екенін атап өткен.

Дін саласындағы уәкілетті орган қызметінің негізгі бағыты – елдегі халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары болып табылады. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жанында діни мәселелер жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (бұдан әрі – РАТТ) жұмыс істейді, оның құрамына Парламент депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері кірген.Елімізде дін мәселесі бойынша 211 өңірлік – түсіндіру тобы (бұдан әрi – АТТ) жұмыс істейді.Жүргізілген түсіндіру жұмыстарының арқасында дін саласындағы құқық бұзушылық көрсеткішінің төмендегенін көруге болады. Әкімшілік құқық бұзушылық 2013 жылы – 282, 2014 жылы – 153, 2015 жылы – 120, 2016 жылы – 119 дерек анықталды. 2017 жылы 311 дерек анықталды, олардың көпшілігі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 490-бабымен байланысты.

Қазақстан Республикасындағы діни (2018 жылдың І-тоқсаны бойынша)

 

Конфессия атаулары

Діни субъект саны

Ислам

2592

Православие

337

Елуіншілер

226

Баптистер

183

Пресвитериандар

108

Католицизм

85

Ехоба куәгерлері

60

Жетінші күн адвентистері

42

Жаңа апостолдар

26

Лютерандар

14

Методистер

12

Кришнаиттер

8

Иудаизм

7

Бахаилар

6

Меннониттер

4

Буддизм

2

Мормондар

2

Муниттер

1

БАРЛЫҒЫ

3715