Іздестіру формасы

Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы

Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы (бұдан әрі – Орталық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 30 қаңтарындағы № 72 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қаулысына сәйкес құрылды. Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін істері комитеті кезінде бастады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 31 наурыздағы № 252 Қаулысына сәйкес, Орталық, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Дін істері комитетіне тапсырылды.

2011 ж. 18 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 3-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Дін істері комитетін Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі етіп қайта құру туралы қаулы етілген «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы» Жарлыққа қол қойды.

Агенттік құрылған соң Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері» № 888 қаулысының негізінде Орталық Дін істері агенттігінің басқаруына берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 23 қыркүйектегі № 1003 Қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» мемлекеттік мекеме атауы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекеме атауына өзгертілді.

Мемлекеттік мекеме ҚР ДІАҚМ Дін істері Комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қарашасындағы № 1 Бұйрығымен Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» Республикалық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді

Орталықтың мақсаты дін мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардың қызметіне ғылыми-әдіснамалық және ақпараттық-талдау жұмыстары бойынша қолдау көрсету болып табылады.

Орталық қызметінің негізгі міндеті Қазақстандағы діни ахуалдың даму үдерістерін талдау бойынша зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, мемлекеттік органдардың қызметін, ұйымдар мен азаматтарды мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласында ақпараттық-талдау және ғылыми-әдіснамалық қамтамасыз ету, дінтану сараптамасын жүргізу болып табылады.

 

Мақсатқа жету үшін Орталық келесі міндеттерді атқарады:

- Қазақстандағы әлемдік және дәстүрлі діндердің теориялық негіздерін зерттеу, сондай-ақ Қазақстандағы діни бірлестіктердің пайда болу тарихы мен даму болашағын зерттеу;

- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдарына арналған тәжірибелік ұсыныстарды даярлау үшін дін саласында әлеуметтік зерттеулерді, діни ахуалдың жағдайын талдау және болжау бойынша зерттеулерді ұйымдастыру;

- діни әдебиеттерді зерттеу және талдау;

- дінтану сараптамасын өткізу;

- мемлекеттік органдардың қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында ғылыми ұйымдармен, мекемелермен және оқу орындарымен  қарым-қатынастар орнату, дін мәселелері бойынша  ғылыми зерттеулерді бірлесе жүргізу;

- діни оқу орындарымен білім беру қызметі саласы бойынша өзара қарым-қатынас орнату;

- Қазақстан Республикасы көлемінде діни тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру;

- дінге қатысты мәселелер бойынша, ғылыми зерттеулер мен оқу-әдістемелік құралдарға байланысты сараптамалық қорытындыларды әзірлеу;

- мемлекеттік органдар үшін мемлекеттік-конфессиялық қатынас мәселелері бойынша ақпараттық бюллетеньдер, арнайы баспа басылымдарын дайындау, мемлекеттік-конфессиялық қатынас саласындағы әдістемелік материалдарды, оқу-әдістемелік құралдарды дайындау;

- қоғамдағы діни-рухани қатынастар, діни ахуал, экстремизм мен терроризм мәселелері бойынша форумдар, конференция, дөңгелек үстелдер,  арнайы оқыту семинарларын, халықаралық және республикалық іс-шаралар өткізу;

- Қазақстандағы дін және дінтанулық білім мәселелері бойынша біліктілікті арттырудың қысқаша курстарын  өткізу.

 

Директор

 

         Орталықтың директоры Айнұр Әбдірәсілқызы болып табылады.

Әбдірәсілқызы Айнұр, 04.07.1976 жылы дүниеге келген. Филология ғылымдарының кандидаты, араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі.

Айнұр Әбдірәсілқызы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бакалавриатын, магистратурасы мен аспирантурасын аяқтаған.

Қазақ ұлттық университеті құрамындағы «Әлем тілдері және халықаралық журналистика» университетінің, Түркия Республикасының Анкара университеті мен «TÖMER» тіл үйрету орталығының арнайы курстарын бітіріп, «Жиһан» ақпарат агенттігінде журналистік машықтанудан өткен.

1998-2005 жж. аралығында Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Араб филологиясы» және «Қазақ әдебиеті» кафедраларында оқытушы, Терминдер сөздіктерін даярлау және аударма орталығында аудармашы, редактор, Ясауитану ғылыми-зерттеу орталығында жетекші маман, ғалым-хатшы, директор орынбасары қызметтерін атқарған.

2005-2011 жж. ҚР Ұлттық Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, ҚР Ұлттық кітапханасының Редакциялық-аударма бөлімінің меңгерушісі, ҚР Мәдениет министрлігі Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының Діни орталықтарды зерттеу бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.

2011-2014 жж. ҚР Дін істері агенттігінің Діни оқу орындарымен байланыс және дінтану сараптамасы басқармасының басшысы, ҚР Дін істері агенттігі төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. 7 кітап, 100-ден астам мақаланың авторы, 20-ға жуық ғылыми-танымдық басылымдардың редакторы. Ақын, Н. Төреқұловтың 105 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның жеңімпазы.

2014 жылдың 15 қыркүйегінен бастап ҚР ДІАҚМ ДІК Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры.

Байланыс: Астана қаласы, Бейбітшілік даңғылы, 43. Тел.: 76-72-70. Электронды мекенжай: niac07@nur.kz, сайт: niac.gov.kz