Іздестіру формасы

2017 жылғы 13 қараша күні Астанада алғаш рет I Республикалық қоғамдық кеңестердің мәжілісі өтеді

Қазіргі таңда республика бойынша 229 қоғамдық кеңестер құрылған, яғни республикалық деңгейдегі 16 кеңестер, облыстар Астана, Алматы қалалары деңгейінде – 16, қалалар мен аудандарда – 197 кеңестер.

Олардың қызметіне 4 мыңнан аса адамдар қатысады.

Қоғамдық кеңестер өзекті мәселелерді шешу жөніндегі жұмыстарға белсенді түрде кірісті.

213 облыстар, қалалар мен аудандар әкімдерінің, 16 орталық және 1300-ден аса жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептері тыңдалды.

Қоғамдық кеңестермен 600-ден аса ең маңызды мәселелер қоғамдық тыңдауларға енгізілді.

Кеңестермен қоғамдық көліктің жұмысы, су құбырларының жай-күйі, тұрғын үй құрылысы, жол жөндеу жұмыстары, ПИК қызметі, негізгі қажетті тауарлар бағаларының мониторингі сияқты мәселелердің қоғамдық мониторингі жүзеге асырылды.

Ашықтықты қамтамасыз етудің тиімді механизмдерінің бірі, мемлекеттік органдар қабылдаған шешімде азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты барлық нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық кеңестердің қарауы болып табылады. Ұсынымдар 9000-нан астам осындай жобаларға берілді.

Қоғамдық кеңестер институтын құру және қоғамдық қызметтің тиімділігін арттыру келесі міндеттерді шешуге ықпал етті:

Біріншіден, ҮЕҰ-мен бірлесе отырып, оқыту іс-шараларының жиынтығы өткізілді. Қоғамдық кеңестердің 600-ден астам мүшелері оқыту арқылы өтті.

Сонымен қатар, Министрлікпен ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Қарағанды қаласында республикалық және халықаралық тренерлердің, спикерлердің қатысуымен «Қоғамдық кеңестер: мәселелер және қызметтің перспективалары» Республикалық конференциясы өтті.

Екіншіден, қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері жөніндегі нормативтік және әдістемелік база жетілдірілуде. Қоғамдық кеңестердің, халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ-ның ұсыныстарын ескере отырып, мақұлдау сатысында тұрған Қоғамдық кеңестер туралы ережелер жобасы әзірленді. Қоғамдық мониторингті жүргізу бойынша, қоғамдық кеңестер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша, мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдау бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленуде.

Үшіншіден, қоғамдық кеңестер қызметінің мониторингі, яғни заңнаманы одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды мониторингілеу жүргізіледі. Бұл жұмыстың нәтижелері 2017 жылдың қараша айына жоспарланған Қоғамдық кеңестердің 1-ші республикалық Мәжілісінде қарастырылатын болады.